Коронавирус • 02 Сәуір, 2020

Қарағандыда тағы да 6 адамнан COVID-19 белгісі анықталды

520 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өкінішке қарай, Қарағандыда тағы да алты адамда коронавирус белгілерінің бар екендігі анықталды. Олардың үшеуі күні кеше қайтыс болған қарағандылық тұрғынның отбасы мүшелері болып шықты.

Қарағандыда тағы да 6 адамнан COVID-19 белгісі анықталды

Жалпы, корноавирус дертінен қайтыс болған науқастың 204 адаммен қандай да бір байланыста болғаны анықталып отыр. Бұлардың ішіндегі 54-і провизорлық және карантиндік стационарларға, ал 150-і үй жағдайындағы карантинге жатқызылды.

Жоғарыда айтылған алты адамның үшеуі марқұмның туыстары болса, тағы екі науқас карантиндік стационарда болған емделушілер арасынан шықты. Ал 6-шы науқас үй карантинінде жатқан тұрғын екен. Қазіргі уақытта бұл адамның кімдермен араласқанын анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы, бүгінгі күнде Қарағанды облысында барлығы 627 адам тәулік бойы бақылауға алынған. Бұл 1А және 1Б санатындағы, яғни індет өршіп тұрған елдерден оралған немесе жұқтырған адамдармен шартты түрде байланыста болған азаматтар. Үй карантинінде жатқандардың да саны артып келеді: қазір олар 1087 адам болды.

Ал Қарағандыда коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастардың саны 21 адамға жетті. Оның ішінде біреуі кеше өмірден өтті.