Аймақтар • 27 Сәуір, 2020
Шымкентте 262 166 азаматтың әлеуметтік төлем туралы өтініші кері қайтарылған
2020 жылдың 26-шы сәуіріне дейін Шымкент қаласынан төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлемді алу үшін арнайы портал мен сайттар арқылы 534 493 адамнан өтініш түскен. Оның ішінде 265 895 адамға әлеуметтік төлем тағайындалған болса, 262 166 азаматтың өтініші бойынша оларға әлеуметтік төлем тағайындалмайтындығы анықталып, кері қайтарылған.
Аймақтар • 27 Сәуір, 2020
Кітапхана ұжымы онлайн шараларды ойдағыдай өткізуде
Елімізде төтенше жағдай енгізілгелі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігіне қарасты Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі қашықтықтан оқып жатқан студенттер мен мектеп оқушылары және қала тұрғындарының бос уақытын рухани байыту мақсатында наурыз айынан бастап Instagram @kitap_kala, ютуб және фейсбук желілерін пайдаланып, балалар кітабы апталығын, ақын-жазушылармен тікелей эфирде кездесулер, мотивациялық бас қосу, тұсаукесерлер, викториналар, кітап оқу челендждерін, хит шеру, байқаулар, бейнелеу өнері т.б. онлайн сабақтар өткізуді ойдағыдай атқарып келеді.
Коронавирус • 27 Сәуір, 2020
Елімізде тағы 14 адам коронавирус індетінен жазылып шықты
14 адам коронавирус індетінен емделіп шықты: Шымкент қаласы - 6, Павлодар облысы - 1, Қызылорда облысы - 7.
Аймақтар • 27 Сәуір, 2020
Ойын мекемесінің заңсыз қызметі тоқтатылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті Ұлттық ұланның «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлімшесін тарта отырып, наурыз айынан бастап елдегі төтенше жағдай мен Алматы қаласындағы карантин режІмі уақытында жұмыс істеген заңсыз ойын мекемесі әрекетінің жолын кесу бойынша ауқымды операцияны өткізді.
Парламент • 27 Сәуір, 2020
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібіне өзгерістер енгізіледі
Сенатта Владимир Волковтың төрағалық етуімен Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысы болды. Онда «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң жобалары қаралды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.