Аймақтар • 27 Сәуір, 2020

Кітапхана ұжымы онлайн шараларды ойдағыдай өткізуде

373 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елімізде төтенше жағдай енгізілгелі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігіне қарасты Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі қашықтықтан оқып жатқан студенттер мен мектеп оқушылары және қала тұрғындарының  бос уақытын рухани байыту мақсатында наурыз айынан бастап Instagram @kitap_kala, ютуб және фейсбук желілерін пайдаланып,  балалар кітабы апталығын, ақын-жазушылармен тікелей эфирде кездесулер, мотивациялық бас қосу, тұсаукесерлер, викториналар, кітап оқу челендждерін, хит шеру,  байқаулар,  бейнелеу өнері т.б. онлайн сабақтар өткізуді ойдағыдай атқарып келеді.

Кітапхана ұжымы онлайн шараларды ойдағыдай өткізуде

Мысалы, бұған дейін «Шет тілін үйренеміз», «Мен білемін», «Мен оны жасай аламын» т.б. кәсіби сабақтар РАБИС бағдарламасы бойынша онлайн сабақтар жүргізіп, қазіргі жағдайға қатысты сақтық шаралары туралы роликтер  көрсетілді.

Атап айтқанда, наурыз айының үшінші аптасынан бастап «Балалар кітабы апталығы» тұрақты өткізіліп келеді.  Оған  танымал жазушылар –  Олжас Сүлейменов, Бақытжан Қанапиянов және балалар жазушылары Толымбек Абдрайымов, Дария Джумагельдинова, Дина Ораз, Тілеуғазы Бейсембек,  сондай-ақ  Рессей елінің  қаламгерлері Кирилл Привалов, Анна Гончарова, Юрий Нечипоренко, Михаил Швыдкой, Игорь Шевчук , Татьяна Рик, Андрей Усчев, Анастасия Строкина т.б. қатысты.

Сонымен қатар, тікелей эфир форматында ақын-жазушылар Серікзат Дүйсенғазин, Нұрлан Қалқа, Алмахан Мұхаметқалиқызы, Ақберен Елгезек, айтыскер ақын Балғынбек Имаш, журналист Нұрбек Бекбау т.б. кездесулер ұйымдастырылып, олардан қазіргі қоғамға қатысты көптеген көкейтесті сұрақтарға танымды,  қызықты жауаптар алынды.   Сондай-ақ,   саясаттанушы, баспагер Бақытжан Бұқарбай және «Ника Коммукативтік даму орталығы» басшысы Меруерт Жүнісбекпен мотивациялық кездесу  өте тартымды өтті.

Әсіресе, Нұр-Сұлтан қаласының тұңғыш баспасөз хатшысы, «Ұлы Дала Қырандары» республикалық қоғамдық  әлеуметтік-мәдени қозғалысының тең төрағасы, Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Сәдібек Түгелмен  сұхбаттасу оқырманның көңілінен шықты. 

Соңғы жаңалықтар