Аймақтар • 27 Сәуір, 2020
Атырау: Теңіз кенішінің тағы екі жұмысшысы індет жұқтырды
Бүгін тағы екі адам жаһан жұртына шеңгелін батырған коронавирус инфекциясына шалдықты. Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік жедел штабтың мәліметінше, олар – Теңіз кенішінде жұмыс істеген жұмысшылар.
Аймақтар • 27 Сәуір, 2020
Алматыда салынған модульді аурухана алғашқы емделушілерін қабылдады
Су жаңа ауруханада қазіргі таңда 43 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы мәлімдеді.
Аймақтар • 27 Сәуір, 2020
Енді ЭЦҚ-ны төлқұжатпен қашықтан алуға болады
Карантин кезінде алматылық Веннетта Иманқұлованың жеке куәлігінің мерзімі біткен еді. Барлық шаруа онлайн атқарылатын кезде, жеке куәліксіз Электрондық цифрлық қолтаңба алуға да мүмкіндігі болмай қалған. Енді, электрондық үкімет порталында төлқұжатпен де ЭСҚ алу сервисі қосылғанын естіп, бүгін алуға кіріскен екен.
Аймақтар • 27 Сәуір, 2020
Шымкент қаласында тағы 4 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған
27 сәуір, сағат 14:00-дегі мәлімет бойынша 1991, 1987, 1978, 1973 жылы туған шаһар тұрғындары өзіне дейін вирус жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған. Қазіргі таңда барлығы карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынды.
Аймақтар • 27 Сәуір, 2020
Түркістан: COVID-19 таулы аудандарға да жетті
Таулы аудандарды бөлектеп айтуымыздың себебі де бар. Осыған дейін өңірдің барлық аудандарында дерлік инфекция жұқтырғандар тіркелген болатын. Енді кеше Түлкібас ауданы Ақсу-Жабағылы ауылының, бүгін Төлеби ауданы тұрғынының індет жұқтырғаны анықталып отыр.