Аймақтар • 01 Сәуір, 2020
«Боралдай нанның» тұтынушылары нансыз қалмайды
Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Алматы облысында да қауіпсіздік шарасы күшейтілді. Қазір азық-түлік сататын дүкендерден басқа сауда орындарының жұмысы толықтай тоқтаған. Аймақтағы тағам өндіретін кәсіпорындардан басқа шағын өндіріс орындары да уақытша жабылды.
Қоғам • 01 Сәуір, 2020
Қазір карантинді ұзарту туралы айту ерте – Дәурен Абаев
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев төтенше жағдай ережелерін сақтаған жағдайда елдегі карантин ертерек аяқталатынын айтты.
Қазақстан • 01 Сәуір, 2020
Қамқор көршілердің арқасында өрт кезінде қайғылы жағдай орын алған жоқ
Алтай ауданына қарасты Бородино елді мекенінде жеке үйлердің бірі 29 наурызда түнгі сағат 23.36-да өртеніп жатқанын көршілері байқап, өрт сөндірушілерді шақырады. Моншаның пешін жаққанда көмірдің толықтай жанып біткеніне көз жеткізбестен, үй иелері шырт ұйқыға кетіпті. Моншадан шыққан өрт бір шатырдың астында жапсарлас салынған тұрғын үйге ұласқан. Үйде қарт адамдар болғандығы анықталды. Ер адам жалындап жатқан үйден өздігінен тесік арқылы шығып үлгерді. Жалынның күші уақыт өткен сайын үдеп, жан-жаққа тарап кеткендіктен, көршілері көмекке келіп, әйелді өрттің өтінен терезе арқылы алып шығады.
Коронавирус • 01 Сәуір, 2020
Атырау: Үш адамнан коронавирус табылды
Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, Атырауда тағы үш адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Оның бірі – 37 жастағы атыраулық коронавирусты Орал қаласының тұрғынынан жұқтырған. Науқастың инфекцияға шалдыққаны үйіне оралғаннан кейін анықталып отыр.
Коронавирус • 01 Сәуір, 2020
Волонтерлар 1000-ға жуық көмек акциясын өткізген
«Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирі арқылы онлайн брифинг өткізген Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев волонтерлар қызметі туралы ерекше атап өтті.