Екінші адам –20 жасар студент Атырауға 27 наурызда «Стамбул-Атырау» арнайы рейсімен ұшып келген. Одан ЖРВИ-дың айқын белгісі анықталып, инфекциялық стационарға оқшауланған. Студенттің коронавирус жұқтыруы қайталап тексеру барысында анықталған.
ЖРВИ белгілерімен облыстық ауруханаға жүгінген Қызылқоға ауданының 28 жастағы тұрғынынан коронавирус инфекциясына анализ алынған. Оның да анализінен коронавирус табылып, енді науқаспен байланыс жасаған адамдардың тізімі жасақталуда.
- Қазір Атырау облысында корнавирус инфекциясы анықталған 16 адам инфекциялық ауруханада емделуде. Сонымен бірге, Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының шешімімен облыстық аурухана 2 күндік карантинге жабылды. Медициналық мекемеде дезинфекция жұмыстары жүргізіліп, дертке шалдыққандармен байланыста болған дәрігерлер мен науқастар оқшауланады, - деп хабарлады өңірлік комуникациялар қызметі.
Жұмасат ҒАЗИЗ