Аймақтар • 27 Сәуір, 2020
Шымкенттік кәсіпкер ауызашарды ерекше форматта ұйымдастырды
Шымкенттік кәсіпкер ауызашар орнына тұрғындарға азық-түлік жиынтығын үлестірді. «Raimbek & company» ЖШС-нің директоры Бауыржан Анарбеков дәстүрлі ауызашардың орнына коронавирустың кесірінен қиын жағдайға тап болған 500 отбасына азық-түлік себеттерін үлестірді.
Аймақтар • 27 Сәуір, 2020
Жамбыл атындағы филармония үздік бестіктің сапында
Алматыдағы іргелі мәдениет ошақтарының бірі Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы ТМД елдері бойынша үздік бестікке енді. Бұл ТурСтат туристік порталы жүргізген пост кеңестік елдердегі үздік филармониялардың рейтингін анықтау нәтижесінде белгілі болған.
Руханият • 27 Сәуір, 2020
Исраил Сапарбай. «Жүрегімнің түбінде шүкіранам...»
Ащылы-тұщылы өмір болған соң пешенелі пенденің басында әрқалай сын-сынақтар әр мезгіл-мезетте өтіп жататыны Хаққа аян. Бұл табиғи құбылыс па, әлде, кездейсоқ кесір-кесапат па, әліптің артын бағу бізге тән. Міне, күллі адамзат қауымы қазір дәл осыбір хал-ахуалды басынан кешіріп жатыр. «Қияметқайымды мен емес, пендемнің өзі жасайды...» деген жалғыз ауыз сөз Алла ақиқаты ма, әлде, Хадис қағидаты ма, оны да кесіп-пішу біздің еншімізде емес. «.Жаппарқұлға жан нәсіп» демекші, ес жиып, етек басу әрекетіндеміз. Әрі қарай әуремізден тиылып, тәубемізге келіп жатсақ – «Ештен кеш жақсы». Кешелі-бүгін өмірге келген төмендегі өлең өрімі де осы көңіл күйді алға тартады... Автордан
Аймақтар • 27 Сәуір, 2020
Маңғыстау: ТЖ кезінде 164 көлік пен 221 жүргізуші куәлігі онлайн тіркелген
Қазақстанда төтенше жағдай жарияланғалы бері egov.kz порталы арқылы онлайн түрде 4 306 автомобиль тіркелді. Ал, облыс бойынша 164 көлік онлайн тіркелген. Оның ішінде 12 автокөлікке салоннан сатып алынған бойында онлайн рәсімделген. Маңғыстау облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 27 Сәуір, 2020
Атырауда мырыш цехы іске қосылады
Атырау облысындағы «Caspian Contractors Trust Atyrau» ЖШС-нің зауытында ғимараттар мен эстакадалар, көпірлер, фермалар, тіректер мен модульдер, көлемі 20000 текше метрге дейінгі резервуарлар, ыдыстар, реакторлар, шырақты жүйелер, мұнаралар, көтергіш жабдықтар, сонымен бірге, кез келген күрделі құбыр бекіткіш жобаланады.