Басылым • 23 Сәуір, 2024
Бүгін – оқырмандардың мерекесі. 23 сәуір – Халықаралық кітап күні. Осы орайда елімізде түрлі іс-шаралар өтіп жатыр. Мәселен, күні кеше ғана елорда төрінде Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтті. Бес күн бойы астаналық оқырманға түрлі жиын ұйымдастырып, сандаған кітап ұсынған дүбірлі жәрмеңкеден ешкім құрқол қайтқан жоқ. Көрмеге қойылған кітаптардың жанры да, сапасы да әртүрлі: түрлі ойға жетелейді.
Қаржы • 23 Сәуір, 2024
Зейнетақы қорының 500 млрд теңгесі экономика еншісіне тиеді
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) триллиондаған теңгеге көз салатындар көбейіп барады. Ұлттық банк (ҰБ) төрағасы Тимур Сүлейменов БЖЗҚ активтері екінші деңгейлі банктердің ұзақмерзімді облигацияларына инвестициялануы мүмкін екенін, бұл тәсіл салымшыларға да, экономикаға да пайда әкелетінін өткен жылғы қарашада хабарлаған. Ал 2024 жылдың басында Үкіметтің нарыққа облигациялармен шығуы үшін қолайлы сәт туды: Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетуге кірісті. Мөлшерлеменің қазіргі деңгейі – 14,75 пайыз. Демек Ұлттық банкке БЖЗҚ активіне қатысты ойын ережесін өзгертуге себеп жоқ. Алдағы уақытта БЖЗҚ акивтеріне қатысты «инвестициялық келісім» жалғаса береді.
Жәдігер • 23 Сәуір, 2024
Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде Жүсіпбек Аймауытұлы ұстаған Құран кітап сақтаулы тұр. Жәдігерді заманында Баянауылдағы Әбілдә хазірет өзге діни кітаптармен бірге Бұқарадан керуен тарттырып алдырған екен.
Құқық • 23 Сәуір, 2024
Жалған ақпараттың жазасы қандай?
Адамның ар-намысын таптау, абырой-беделіне нұқсан келтіріп, аяқасты ету осы күні оп-оңай болып кетті. Тіпті ел басқарып отырған, мемлекеттің іргесін бекемдеп жүрген азаматтардың өзіне жала жауып, елдің алдында абыройын төге салу жаман әдетке айналып барады.
Пікір • 23 Сәуір, 2024
Ұлы Абай бабамыз айтып кеткен бес дұшпанымыздың бірі – бекер мал шашпақ һәм ысырапшылдықты тыю мақсатында өңірлердегі ардагерлер ұйымдары мен мешіттер игі бастама көтеріп, әсіресе кісісі дүние салған қаралы үй иелерінің өлім жөнелту рәсімдері мен ас беруге шамадан тыс қаржы шығындауына жол бермеуге бағытталған шешімдер қабылдап жатқаны – құптарлық жайт.