Аймақтар • 29 Сәуір, 2020
Түркістан облысында коронавирус жұқтырған әйел босанды
Кентау қаласындағы жұқпалы аурулар стационарына 22 жастағы жүкті әйел 27- сәуір күні ауыр халде жеткізілген. Толық медициналық тексеру нәтижесінде одан COVID-19 вирусы мен екі жақты пневмония, анемия анықталған. Аяғы ауыр әйелдің дене қызуы көтеріліп, жөтел белгілері болған.
Коронавирус • 29 Сәуір, 2020
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 33 адам тіркелді
Қазақстандағы 2020 жылғы 29 сəуір сағат 22:25-тегі эпидемиологиялық ахуал бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 33 адам тіркелді, оның ішінде Нұр-Сұлтан қ. – 5, Алматы қ. – 11, Батыс Қазақстан облысында – 8, Павлодар облысында – 5, Атырау облысында – 4.
Қазақстан • 29 Сәуір, 2020
Қазақстанда тағы 21 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Қазақстанда тағы 21 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Нұр-Сұлтан қаласында – 1, Алматы қаласында – 3, Шымкент қаласында – 1, Алматы облысында – 2, Павлодар облысында – 2, Ақмола облысында – 1, Қызылорда облысында – 1, Түркістан облысында – 9, Шығыс Қазақстан облысында – 1.
Тағайындау • 29 Сәуір, 2020
Қызылорда: Білім басқармасында да жаңа басшы
Облыс әкімінің 2020 жылдың 29 сәуірдегі өкімімен төтенше жағдай кезеңі аяқталғанға дейін уақытша Қызылорда облысының білім басқармасының басшысы лауазымына Қасымова Ақзира Бақтыбайқызы тағайындалды.
Аймақтар • 29 Сәуір, 2020
Қордайлық ардагерлерге құрмет көрсетілуде
Биыл Ұлы Жеңіске 75 жыл толып отыр. Ұлы мереке қарсаңында Қордай ауданында Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен қатар тыл ардагерлеріне де лайықты құрмет көрсетілуде.