Тағайындау • 29 Сәуір, 2020

Қызылорда: Білім басқармасында да жаңа басшы

2636 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс әкімінің 2020 жылдың 29 сәуірдегі өкімімен төтенше жағдай кезеңі аяқталғанға дейін уақытша Қызылорда облысының білім басқармасының басшысы лауазымына Қасымова Ақзира Бақтыбайқызы тағайындалды.

Қызылорда: Білім басқармасында да жаңа басшы

Ақзира Бақтыбайқызы 1979 жылы дүниеге келген. 

2000 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін физика, қосымша математика пәндерінің мұғалімі, 
2018 жылы Қаржы академиясын экономика және бизнес магистрі мамандығы бойынша бітірген. 

Еңбек жолын 2000 жылы №15 Қызылорда қалалық гимназияның физика пәнінің мұғалімі ретінде бастаған. Әр жылдары Қазалы аудандық білім бөлімінің басшысы, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары, Қызылорда қалалық білім бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.