Талбесік • 24 Мамыр, 2024
Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы әлі де жалғасып жатыр. Бүгінде облыс тұрғындары, волонтерлер, жастар ұйымдары, медициналық және білім мекемелерінің қызметкерлері, сонымен қатар өңір спортшылары мен өнерпаздары, жалпы 117 мыңнан аса адам атсалысып, 860 техника жұмылдырылды.
Аймақтар • 24 Мамыр, 2024
Ақтөбе облысындағы Ақтөбе, Үлкен Борсық, Қарабұтақ, Мәртөк, Темір, Ойыл, Қобда, Орқаш, Байғанин орман қорғау мекемелерінің 500-ден аса қызметкері өздеріне бекітілген аумақтарда экологиялық акция өткізді.
Қоғам • 24 Мамыр, 2024
Су тасқынынан зардап шеккен 356 отбасы баспаналы болды
Қазақстан Үкіметі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген шығынды өтеу жұмыстарын әлі де жалғастырып келеді. Су тасқынынан кейін 356 отбасы қираған баспанасының орнына тұрғын үй мен пәтер алды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 24 Мамыр, 2024
«Алда 400 шақырымнан аса жол жатыр. Құмкөлден әрі қарай даламен кетеміз. Кедергі кездесіп қалмаса, қас қарая діттеген жерге жетіп қалармыз», деді Қызылордадан шығарда көліктегі жолбасшымыз, «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК өңірлік филиалының инспекторы Ерболат Бекжанов. Асфальтпен жол ұтып, мұнай өндіріп жатқан аумақтан сорабы айқын көрініп жатқан жолға түсе бергенде, күн қабағы күрт бұлттанып сала берді. Соңымыздан ілескен көлікке қарайлап, әрі қарай бірге тарттық. Киік лағын өргізетін мезгілмен тұспа-тұс келетін «Құралайдың салқыны» дегеніңіз – осы. Жылма-жыл жаңылыспай қайталанатын бұл құбылыс киелі аңның басын сақтауға сеп болып тұр.
Digital • 24 Мамыр, 2024
«NazarAI» бәрін хабарлап тұрады
«Жасанды интеллект адамзатты өрге шығара ма, жоқ орға жыға ма?» деген тақырып күн тәртібінен түспей тұр. Төрешіміз уақыт дейік. Бірақ жасанды зердені ізгілік жолында жаратып жатқан жастарымыз жаңалықты жатсынбау керектігін барған сайын дәлелдеп келеді. Солардың бірі – 10-сынып оқушысы Смағұл Тұмар ойлап тапқан «NazarAI» қосымшасы.