Аймақтар • 24 Мамыр, 2024

Орманшылар қолғабысы

170 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысындағы Ақтөбе, Үлкен Борсық, Қарабұтақ, Мәртөк, Темір, Ойыл, Қобда, Орқаш, Байғанин орман қорғау мекемелерінің 500-ден аса қызметкері өздеріне бекітілген аумақтарда экологиялық акция өткізді.

Орманшылар қолғабысы

Орманшылар қу­ра­ған ағаштарды ке­сіп, өрттен қорғау жолақ­тарын орнатып, көгалдандыру жұмыстарын жүргізді. Бұл күні Ақтөбе орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің мамандарымен бірге «Жасыл ел» жасағының 60-тан аса мүшесі де «Заречный-3» тұрғынжай аума­ғында тазалық жұмысын жүр­гізді.

 «Ақтөбе орман және жануар­лар дүниесін қорғау мекемесі» КММ директоры Амангелді Алтынбаевтың айтуынша, осы мекеменің 130 қызметкері Ақтөбе орман шаруашылығы мекемесіне қарасты аумақты тазалады. Бұл – 22 мың гектар аумақ, оны бір күнде ретке келтіру оңай емес. Мекеме қызметкерлері күні бойы тоғай арасынан 60 мың тонна қоқыс шығарды. Әсіресе елді мекендерге жақын тоғайлардың іші лас. «Заречный-1, 2, 3», «Ақжар» елді мекендерінің тұрғындары тұр­мыстық қалдықтар мен қо­қыс­тарын ағаш арасына тас­тау әдетін қояр емес. Бұл – шілденің ші­ліңгір ыстығында орман өр­тінің тұтануына басты себепші. Адам­дарымыз тоғай арасын бүлдірмеу мәдениетін үйренуі керек дейді орманшылар. Өйткені 22 мың гектар тоғай ішін үнемі қадағалап, жұрттың артын жинап отыру оңай емес. Оның үстіне орманшының негізгі міндеті – қоқыс шығару емес, тоғай ішін қураған ағаштардан арылтып, көшет егу және оларды күтіп-баптау, орман өртінен қорғау.

Ақтөбе облысында мемле­кеттік орман қорының жалпы ау­мағы 217,8 мың гектарды құ­раса, оның ішінде орманмен көм­керілгені – 51,8 мың га. Өңір­де орман көлемі өте аз. Қа­таң климаттық белдеуде орна­ласқандықтан, бұл жақта суыққа төзімді ағаштар мен бұталар жақ­сы өседі. Ал көктемде не күзде егілген жас көшеттер тамыры бекіп кеткенше жақсы күтімді қажет етеді әрі жаз мезгілінде оларды көп суару қажет.

 

Ақтөбе облысы

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50