Аймақтар • 26 Мамыр, 2020
Жыл басынан бері 13789 бұзушылық анықталған
Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының хабарламасына қарағанда жыл басынан бері облыс жолдарында жол қозғалысы ережелерінің 13 мың 789 бұзушылығы тіркелген екен. Барлық 74 жол-көлік оқиғасының салдарынан 12 адам көз жұмып, 102 адам жарақат алған.
Аймақтар • 26 Мамыр, 2020
Қарағанды облысында ПТР-зертханалар ашылады
Маусым айының басында Теміртау мен Жезқазған қалаларында коронавирус инфекциясын анықтайтын ПТР-зертханалардың ашылатынын облыс әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.
Аймақтар • 26 Мамыр, 2020
Маңғыстау полицейлері Алматы блок-постында қаза тапқандардың отбасына қаржылай қолдау көрсетті
Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері Алматы қаласында блок-бекетте мас жүргізушінің салдарынан қаза тапқан екі әріптесі Жарас Жанғазиев пен Дастан Әбдіқановтың отбасына екі миллион теңге көлемінде қаржы жинады. Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Экономика • 26 Мамыр, 2020
Қазақстанның ІЖӨ 2020 жылы 1,6% төмендеуі мүмкін
Бүгін Алматыда онлайн форматтағы халықаралық басқосуда BCS GM Research сарапшылары Қазақстанның ІЖӨ-і бір жыл ішінде 1,6% -ға төмендейді, бірақ келесі жылы өсім 3,9% -ға дейін қалпына келетінін айтты.
Коронавирус • 26 Мамыр, 2020
Қарағанды облысы: COVID-19 жұқтырудың 67 оқиғасы тіркелді
Қарағанды облысында өткен тәулік ішінде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 67 оқиғасы тіркелді, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.