Қазақстан • 20 Мамыр, 2018
Торғайдағы Ахмет Байтұрсынов туған үй жөнделетін болды
Қостанай облысында 29 киелі жерлер белгіленіп, олардың картасы жасалған болатын. Осы сакралдық орындардың 10-ы жалпыұлттық маңызға ие, қалған 19 жергілікті мазмұнда болып саналады. Республика мақтанышына айналған сакральды орындарға Қостанай облысында Торғай геоглифтері, Қамысты мекені, Екідің діни ескерткіші, Барақ, Жәуке, Ыбырай Алтынсарин, Міржақып, Абдығапар хан, Кейкі батыр кесенелері, сонымен қатар Амангелді батыр жерленген орын жатады.
Қазақстан • 20 Мамыр, 2018
Қостанай облысында 18-ші өрт сөндіру бекеті ашылды
Сарыкөл ауданында ашылған бұл өрт бекеті сол аумақтағы 3 елді мекенді тілсіз жаудан қорғайтын болады. Злотоуст селолық округіндегі «Маяк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің базанда ашылған бекет аудандағы елеулі жаңалықтың бірі болды.
Медицина • 20 Мамыр, 2018
Қостанай қаласы «мерейлі отбасын» таңдады
Жыл сайын өтетін «Мерейлі отбасы» дәстүрлі байқауының облыс аудандары мен қаладарында іріктеу кезеңі жүріп жатыр. Қостанай қаласында өткен байқауда 6 отбасы сынға түсті.
Қазақстан • 20 Мамыр, 2018
Батыс Қазақстан мен Астана әріптестік туралы меморандумға қол қойды
Елорданың 20 жылдығына орай Батыс Қазақстан облысында 17-19 мамыр аралығында Астана қаласының мәдени күндері өткен болатын. Шара аясында тек мәдени байланыстар емес, Астана мен Батыс Қазақстан облысы арасындағы іскерлік байланыстарды да дамыту жайы талқыланды.
Аймақтар • 20 Мамыр, 2018
Каспий жағалауында суға шомылу маусымына байланысты үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді
Каспий жағалауында суға шомылу кезеңі басталуының қарсаңында теңізде адамдардың қаза болуының алдын алу және қауіпсіздік ережелерін сақтау мақсатында Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері Жедел-құтқару жасағымен бірлесіп, теңіз жағалауларында рейд шарасын жүргізді.