Қазақстан • 20 Мамыр, 2018

Қостанай облысында 18-ші өрт сөндіру бекеті ашылды

406 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сарыкөл ауданында ашылған бұл өрт бекеті сол аумақтағы 3 елді мекенді тілсіз жаудан қорғайтын болады. Злотоуст селолық округіндегі «Маяк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің базанда ашылған бекет аудандағы елеулі жаңалықтың бірі болды. 

Қостанай облысында 18-ші өрт сөндіру бекеті ашылды

Орталықтан шалғай орналасқан бұл селолық округтегі елді мекендерде мемлекеттік өрт сөндіру қызметінің бөлімдері болмайтын. Енді өрт сөндіру бекеті от тұтанған жағдайда оны сөндіруге көмектің жетуін тездетеді.

Қостанай облысындағы 18-ші болып саналатын бұл өрт сөндіру бекеті Сарыкөл ауданындағы Веселоподол мен Барвинов сеолық округтерінен кейінгі үшінші болып отыр. Жаңа бекетте өрт сөндірушілер тынығатын, тамақтанатын бөлме және техника қоятын орынды қамтитын жылы ғимарат бар. Өртке қарсы жарақтандырылған машинасы дайын тұр, 10 адам жұмыс істейтін болады.

Нәзира Жәрімбет,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай