Медицина • 20 Мамыр, 2018

Қостанай қаласы «мерейлі отбасын» таңдады

519 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл сайын өтетін «Мерейлі отбасы» дәстүрлі байқауының облыс аудандары мен қаладарында іріктеу кезеңі жүріп жатыр. Қостанай қаласында өткен байқауда 6 отбасы сынға түсті. 

Қостанай қаласы «мерейлі отбасын» таңдады

Байқау қорытындысында оларды Қостанай қалалық әкімінің орынбасары Айдар Хұсайынов құттықтады. Қуановтар, Зуевтар және Бондаревтар отбасылары көрермендерді отбасылық дәстүрлерімен қызықтырды. Олардың барлығы да мадаққа лайық, жұрт үлгі тұтар жандар. Мысалы, Зуевтар өздерінің отбасылық мерейтойын парашюттан секіріп атап өтті. Мұндай сыйлықты оларға балалары сыйлады. Тәрбиелі бала өсіріп, үлгі көрсетіп отырған қалған отбасылар да сыйлықтарға, марапатқа ие болды.

Дегенмен, байқаудың жеңіспаздары болуы тиіс.Онда үшінші орынды Есжановтар отбасы алды. Базарбай аға мен Ақлима апай 1952 жылы отау құрып, 8 бала тәрбиелеп өсірді. Олардан 24 немесе, 18 шөбере сүйіп отыр. Екінші орын Иіпбергеновтар отбасына лайық деп шешілді. Ербол–өңірге белгілі тележурналист, Ақжан –педагог, өңірдегі Аналар кеңесін басқарады. Екеуі бес бала тәрбиелеп отыр. Бірінші орынды Қаржауовтар отбасы алды. Майра мен Қадырдың отбасында музыканттардың үшінші ұрпағы өсіп келеді. Өздері облыстық филармония әншілері. Енді олар «Мерейлі отбасының» облыстық байқауында Қостанай қаласмы намысын қорғайтын болады.

Нәзира Жәрімбет,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай