Спорт • 25 Мамыр, 2021
Жеңілатлеттердің жолдамасы көбейді
Қазақстандық жеңілатлет Жанна Мамажанова ел қоржынына кезекті Токио Олимпиадасының жолдамасын салды.
Аймақтар • 25 Мамыр, 2021
Электрмопед құрастырып шығарды
Қостанайлық Александр Ерунов баламалы қуат көзімен жүретін шағын мопед құрастырып шықты. Өнертапқыш өзінің екі аяқты көлігі Кедендік одақтың барлық техникалық талабына сай құрастырылғанын, сондықтан шекара ашылса, Қазақстан мен Ресейдің арасында еш кедергісіз жүре беруге болатынын айтады.
Қоғам • 25 Мамыр, 2021
Көрікті шаһарға көшет отырғызылды
«Астана Опера» театрының қамқорлық кеңесінің мүшелері мен театр труппасының әртістері, қала тұрғындары көшет отырғызды. Ағаш егіп, шаһардың көркеюіне атсалысқан азаматтар халықты ауыл-аймақты абаттандыру мен көгалдандыруға шақырды.
Аймақтар • 25 Мамыр, 2021
Көкшетау қаласында асық атудан өткен Ұлттық мектеп лигасы додасында Қарағанды облысының атынан қатысқан Нұрдәулет Есімов тамаша өнер көрсетіп, чемпион атанды.
Аймақтар • 25 Мамыр, 2021
Сыр бойының өзге өңірлерден бір айырмашылығы Қызылорда қаласы мен жеті аудан да «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолы мен таспадай тартылған темір жолдың бойында орналасқан. Облыс пен аудан орталықтарының дәл іргесінен Сырдария сылаңдай ағып жатыр. Бұл әрине жол-көлік логистикасын тиімді ұйымдастыруға әбден қолайлы. Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін темір жол астынан өткел қалдырылып, кей жерлерде көпір салынған. Бірақ бәрінде ондай жағдай жоқ. Былтыр «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында Шиелі кентінде темір жол үстінен көпір салынып, көп жылдарға созылған мәселе біржола шешімін тапты. Дәл қазір облыс бойынша өткелі жоқ жалғыз өңір Арал қаласы болып тұр.