Қоғам • 22 Мамыр, 2023
Мемлекеттік тіл ортақ құндылыққа айнала ма?
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болғанына биыл 34 жыл. Қоғамдық саясат институтының былтырғы мәліметін ескерсек, ел тұрғындарының 80,1%-ы мемлекеттік тілді біледі. Тек оның 49,3%-ы күнделікті өмірде қолданады. Зерттеу нәтижесі әр үшінші отандасымыз ақпаратты қазақ және орыс тілінде алатынын көрсеткен.
Сұхбат • 22 Мамыр, 2023
Абзал Құспан: Мәдени тұжырымдама – бірегейлік пен қауіпсіздік кепілі
Мамыр мерекелеріне орай жарияланған аз күнгі демалыста Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Абзал Құспан өзінің туған жеріне, Батыс Қазақстан облысына келді. Жақында ғана Мәжілісте ұлттық мәдениет мәселелеріне байланысты депутаттық сауал жолдаған халық қалаулысымен жүздесіп, бірер сұрақ қойған едік.
Жоба • 22 Мамыр, 2023
Цифрлық саладағы ортақ жобалар
Біздің ел Франциямен цифрландыру, ғарыш және аэроғарыш технологиялары саласындағы әріптестікті нығайтады. Бұл ретте француздық «Airbus Defence and Space» компаниясымен бірлесіп, байланыс спутниктерін шығармақ.
Хоккей • 22 Мамыр, 2023
Финляндияның Тампере және Латвияның Рига қалаларында өтіп жатқан шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасы екінші ойынында жеңіске жетті. Сөйтіп, жерлестеріміз келесі жылы да әлемнің ең мықты құрамаларымен бір топта өнер көрсетіп, чемпиондық атаққа тағы бір мәрте таласып көруге ниетті екенін байқатты.
Спорт • 22 Мамыр, 2023
Кеше Италияның бас шаһары – Римде теннистен WTA 1000 турнирі өз мәресіне жетті. Жүлде қоры 3 572 618 еуроны құраған әйелдер арасындағы жарыста Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина табысты өнер көрсетіп, бас жүлдені олжалады.