Саясат • 26 Мамыр, 2020
Қазақстан мен Моңғолия ратификациялау грамоталармен алмасты
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев пен Моңғолияның Қазақстандағы Елшісі Луасан Баттулга 2018 жылғы 29 наурызда Қазақстанның елордасында жасалған Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы Сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы грамоталармен алмасты. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 26 Мамыр, 2020
Қарағанды облысындағы ірі кәсіпорындарда санитарлық талаптар күшейтіледі
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек өңірдегі ірі кәсіпорындар басшыларымен санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын бақылау және өндірісте індет таралуының алдын алу тақырыбы бойынша онлайн-кеңес өткізді.
Экономика • 26 Мамыр, 2020
Ауыл шаруашылығы дақылдары 22,5 млн га алқапқа егіледі
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров пен Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу барысы және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге дизель отынын жеткізу туралы баяндады. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 26 Мамыр, 2020
Нұр-Сұлтанда халық санағы бойынша инструкторлар қабылдануда
2020 жылғы 15 маусымнан 15 қарашаға дейінгі мерзімге ұлттық санақ жүргізу және дайындау бөліміне 21 нұсқаушыны жұмысқа қабылдауға конкурс жарияланды деп хабарлады Нұр-Сұлтанның статистика департаментінде.
Аймақтар • 26 Мамыр, 2020
Қарағанды облысында тағы 67 адам коронавирус жұқтырған
ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша 67 адамда COVID-19 вирусы анықталды, тіркелген адамдар скрининг барысында және коронавирусты жұқтырған адамдармен жақын байланыста болғандарды тексеру нәтижесінде анықталды.