Қоғам • 23 Мамыр, 2024
«Сатып алудағы» сергелдең азая ма?
Мемлекеттік сатып алу, мемлекет пен жекеменшік серіктестігі және құрылыс саласын реттеу жүйесін реформалау қажеттігі туралы биік мінберлерден жиі айтылып жүр. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы, одан кейін Үкімет басшысы айтты. Негізінен сынға алды. Салада шамадан тыс бюрократия, созбаққа салынатын процедура көп, ашықтық пен нақтылық жоққа тән. Соны түзеу керек. Ал өткен аптада бірнеше айдан бері қаралып жатқан «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң жобасын Мәжіліс депутаттары екінші оқылымда қабылдады. Өзгерген заң жобасы бойынша біраз ілкімді шараларға басымдық берілген. Түзетілген нұсқа Сенат қарауына жіберілді.
Университет • 23 Мамыр, 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында 2025 жылға дейін елімізде беделді шетелдік университеттердің кемінде 5 филиалын ашу қажеттігін, соның ішінде техникалық бағыттағы жоғары оқу орнының екі филиалын еліміздің батыс өңірінде ашу туралы тапсырма берген еді. Осыған орай Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің базасында ұлыбританиялық Heriot-Watt университетінің филиалын ашу жөнінде бастама көтеріліп, тиісті келісімдер жасалды.
Пікір • 23 Мамыр, 2024
Президенттік институт – мемлекеттіліктің тірегі
Қазақстанның тәуелсіздік алған кезеңі әлемде белең ала бастаған жаһандану үдерісімен тұспа-тұс келді. Бұл үдеріс өз болашағымыздың басты бағыт-бағдарын дербес айқындауымызды қиындатып жіберді. Себебі біз егемен мемлекет болуға ұмтылып, ұлттық мемлекеттілігіміздің негізін қалауға кіріскенімізде, әлемде ұлттық мемлекеттердің рөлін төмендетуге бағытталған үрдіс күшейе бастады. Оның үстіне халықты әбден мезі қылған коммунистік идеология мен «социалистік мұрадан» біржолата бас тартып, одан арылуға деген асығыстық тағы бар. Нәтижесінде, көп ойланбастан, «аттың жалында, түйенің қомында» нарық пен демократияны құруға кірісіп кеттік.
Аймақтар • 23 Мамыр, 2024
Солтүстік Қазақстан облысында су басқан 3 898 үйдің 87 пайызының жағдайы сарапталып, бағаланды. Комиссияның шешімімен 508 үй қалпына келтірілмейді деп шешім қабылданды. Сонымен қатар 845 үйді жөндеу жұмыстары белгіленіп, сметасы жасалды. Осы аптаның аяғына дейін техникалық зерттеулер, сметалық есептер және бағалау құжаттары тұрғындардың қолына беріледі.
Үкімет • 23 Мамыр, 2024
Дүниені бүлдіру оңай, бүтіндеу қиын
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында адам саудасы, ат спорты бағытындағы қазақы жылқы түрін сақтап қалу, экологиялық таза көлік түрлерінің қоғамдағы беделін арттыру, биржа саудасы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлікті қолдау бойынша салықтық жеңілдіктер қарастыру, өзге де өзекті бірқатар заң жобасы талқыланып, тиісті шешімдері шығарылды.