Спорт • 20 Мамыр, 2019
Атам қазақ «Таудай талап бергенше, бармақтай бақ берсін» деп тегін айтпаған. Осы бір ұлағатты сөздің бүгінгі кейіпкерімізге тікелей қатысы бар. Жетісу өңіріндегі күрес өнерінің шынайы жанкүйерлері Қайрат Матаев есімді балуанды әлі де ұмыта қоймағаны анық. Тоқсаныншы жылдардың басында жарқ етіп көрінген жалынды жас көп ұзамай көпшілік назарынан тыс қалды. Жастық пен атақтың буына мастанды ма, әлде заманның желімен ығып кетті ме? Көпке дейін осы сауал барша жанкүйердің көкейінде жүрді.
Әлем • 20 Мамыр, 2019
Владимир Зеленский Украина президенті қызметіне кірісті
Бүгін Украина президенті қызметіне кіріскен Владимир Зеленский Жоғарғы Раданың салтанатты отырысында ант берді.
Аймақтар • 20 Мамыр, 2019
Бірқатар қалалық бағдардың қозғалыс бағыты өзгереді
Қоғамдық көліктердің қозғалыс бағыты жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты өзгереді деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Экономика • 20 Мамыр, 2019
Алматыда ашылған өндіріс орнының жылдық қуаты жарты миллион теміржол шпалдарын шығаруға арналған. Vollert неміс технологиясы пайдаланылатын зауытта жүзден астам жаңа жұмыс орындары ашылып, инвестиция көлемі 1,8 млрд теңгені құрап отыр.
Аймақтар • 20 Мамыр, 2019
Түркістан: жас өнертапқыштар танымал қаламгерлерді таңғалдырды
«Jas Túrkіstan-2019» республикалық балалар шығармашылық марафонының екінші жұмыс күні Түркістан облысы Келес ауданында жалғасты. Абай ауылындағы Мәдениет үйінде өткен марафонда жергілікті мектептердің оқушылары өздері құрастырған роботтар мен машиналарын көпшілік назарына ұсынды. Өнертапқыш оқушылардың көрмесін тамашалаған Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан келген қаламгерлер мен бас редакторлар жас өрендердің қадамын оң бағалап, таңданыстарын жасыра алмады. Мағыналы кездесуді Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев ашып берді.