Әлем • 26 Мамыр, 2020
Тыба Республикасының басшысы індетке шалдықты
Ресей Федерациясы Тыба Республикасының басшысы Шолбан Кара-оол коронавирусқа шалдығып, ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы ол өзінің Вконтакте желісіндегі парақшасына жазып, бұқараға бейнежазбасын жолдап, оларды сақ болуға шақырды.
Аймақтар • 26 Мамыр, 2020
Ақмоладағы ойын балалары жазды қалай өткізеді?
Карантин кезінде оқушылардың жазғы демалысы қалай ұйымдастырылмақ? Биыл қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерь балаларды қабылдай ала ма деген сұрақ әрбір ата-ананы алаңдататыны сөзсіз.
Аймақтар • 26 Мамыр, 2020
Алматы қаласындағы жиһаз шеберханасында өрт шықты
Бүгін сағат 05:12-де Алматы қаласы ТЖ Департаментінің пультіне Әуезов ауданы Мұстай Кәрім көшесі 1Б/3 мекен-жайының түтіндеп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері 7 минутта келді, жиһаз шеберханасының аумағында жиналып тұрған кесілген ағаштар мен «Foton Aumark» маркалы автокөлік отқа оранған. Бұл туралы қалалық департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.
Әлем • 26 Мамыр, 2020
COVID-19: АҚШ Бразилиямен әуе қатынасын тоқтатты
Бразилия елінде коронавирус індеті шектен тыс өршіп тұр. Дертке тап болғандар саны 350 мыңнан асып, 22 мың адам ауру салдарынан көз жұмды. Нәтижесінде аталмыш ел індет жұқтырудан Ресейді басып озып, АҚШ-тан кейінгі екінші орынға жайғасты. Осындай жағдайдан кейін АҚШ бұл елмен қатынасты тоқтатып, әуе рейстеріне шек қойды.
Әлем • 26 Мамыр, 2020
Трамп жалақысын коронавирус қорына аударады
АҚШ президенті Дональд Трамп барлық жалақысын елдегі коронавируспен күрес қорына аударатыны жайлы мәлімдеді. Тіпті ол алғашқы маусым айлығын індетке қарсы вакцина дайындау орталығына аударыпта жіберген көрінеді.