Тарих • 18 Мамыр, 2018
Тайтөбе – ұлы дала тарихының куәсі
Астана маңында, Арқаның қос өзені Есіл мен Нұра арасында Тайтөбеден биік жер жоқ. Біздің қолымыздағы барлық деректерді салыстыра қарасақ қазақ «Ақ мола» атап кеткен ортағасырлық кесене Тайтөбенің басында тұрған. Зерттеушілердің айтуына қарағанда «Ақ мола» атауы антика дәуірінің тарихшыларының, мысалы, Прокопидің еңбектерінде «қамал» мағынасында қолданылады.
Аймақтар • 18 Мамыр, 2018
Ақмола облысындағы «Тоғыз әулие» зиратының тарихтағы орны бөлек
Ақмола өңірінде әлі де толық зерттелмеген немесе әртүрлі жағдайларға байланысты қаперге алына қоймаған қасиетті жерлер жетерлік. Солардың қатарында «Тоғыз әулие» зираты да бар. Осыған орай «Рухани жаңғыру» орталық жобаларды басқару кеңсесі аталған зират орналасқан жерге экспедиция жасау туралы шешім қабылдады.
Білім • 18 Мамыр, 2018
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аударылған 18 кітап ҚазҰУ-дің білім беру үдерісіне енгізілді
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» мемлекеттік жобасы заманауи қазақстандық студенттердің таным көкжиегін кеңейтті. Енді философия, психология, әлеуметтану, дінтану, мәдениеттану, лингвистика, журналистика, экономика және менеджмент салаларындағы әлемдік ғылыми бестселлер қазақ тілінде қолжетімді болады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аударылып әрі жарыққа шыққан алғашқы 18 кітап бүгінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің білім беру үдерісіне енгізілді.
Аймақтар • 18 Мамыр, 2018
Жаңғырту жұмыстары Жамбыл облысын түлетті
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Жамбыл облысында өткен жылы 1,1 млрд теңгені құрайтын 22 жоба мен іс-шара өткізілген. Ал биыл құны 3,8 млрд теңге болатын 133 жоба мен 66 іс-шара қолға алынбақ. Мұндағы қаражаттың 3,4 млрд теңгесін демеушілер арқылы тарту көзделген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов мәлімдеді.
Аймақтар • 18 Мамыр, 2018
Оралда ата-аналар оқушылар кітапханасына 486 кітап сыйлады
Орал қаласындағы орта мектептерде «Рухани жаңғыру – табысты ел болудың кепілі» атты ашық есік күндері өтіп жатыр. Осыған орай №47 орта мектепте «Туған мектепке тағзым», «Мектепке кітап сыйлайық» акциялары нәтижесінде мектеп ауласында жаңа аллея пайда болып, оқушылар кітапханасына 500-ге жуық кітап тарту етілді.