Экология • 24 Мамыр, 2021
Елімізде жүлде қоры 10 млн теңге болатын реалити-шоу өтеді
Экология және қоқысты қарапайым кәдеге жарату мәселелері азаматтар арасында да, саясаткерлер арасында да өзекті. Бұл мәселені лауазымды тұлғалар да көтеріп жүр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мектепте экологиялық даму пәндерін енгізу туралы да айтты. Сондықтан «Хабар» Агенттігі «ӨКМ Операторы» ЖШС жобасына қолдау көрсету туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте «Хабар» телеарнасының директоры Динара Бисембина хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 24 Мамыр, 2021
Елордалық оқушылар жазғы демалысын қайда өткізеді?
Елорда оқушылары Ақмола облысы аумағында орналасқан 2 лагерьде жазғы демалысын өткізе алады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Білім беру басқармасы басшысының орынбасары Римма Имангазинова айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 24 Мамыр, 2021
Вице-министр Ashyq-тағы ақау үшін кешірім сұрады
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов Ashyq-тағы ақау үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Мамыр, 2021
Шығыс Қазақстанда 1 500-ге жуық адамды кене шақты
Шығыс Қазақстан облысында кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулинді 1,3 мыңнан астам адам салдырды, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 24 Мамыр, 2021
Еуропада екпе ектіргендердің саны артты
Еуропа коронавирустық инфекцияға қарсы иммундау қарқынын арттыруды жалғастыруда. Covid-19-ға қарсы кемінде бір екпе жасаған Еуропалық одақ тұрғындарының үлесі 40% жақындап келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.