Аймақтар • 17 Мамыр, 2018
Семейде «Алаштың нар жігіті» атты сайыс өтті
Қасиетті Семей жері ұлы Абайдың елі, Алаштың рухани астанасы. Қаладағы Мәдениет сарайында өткен «Алаштың нар жігіті» атты ер азаматтар арасындағы сайыс Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығына, Отан қорғаушылар күні мен Жеңістің 73 жылдығына арналды. Сайыста 18 жастан 40 жас аралығындағы сегіз азамат өздерінің «Сегіз қырлы, бір сырлы» жігіт екендіктерін дәлелдеп, сынға түсті.
Қазақстан • 17 Мамыр, 2018
«Ұлы Еуразия» бастамасы ЕҚЫҰ аумағындағы сенім дағдарысын реттеуге ықпал етеді
Қазақстан Еуразиялық Экономикалық Одақ пен Еуропа Одағы арасында диалогтың орнатылуы мен ынтымақтастықтың нығаюына, Белдеу және жол бастамасының шеңберінде мультимодальдық транспорттық-логистикалық жүйенің дамытылуына мүдделі. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Аустрияның 2018 жылы ЕҚЫҰ Азия ынтымақтастық тобына төрағалығы шеңберінде ұйымдастырылған «Жаһандық әлемде тиімді көпжақты дипломатия - Еуропа мен Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі елдердің үлгісі» атты халықаралық конференцияда мәлім етті. Бұл жайында Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 17 Мамыр, 2018
Жамбылда «Беу, қыздар-ай!» комедиясы сахналанды
Өткен ғасырдың алпысыншы жылдары Алматыдағы М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында қойылған Қанабек Байсейітов пен Қуандық Шаңғытбаевтың «Беу, қыздар-ай!» туындысы қазақ комедияларының ішінде классикалық деңгейге жеткен спектакль. Әкемтеатр әртістерінің көпшілігінің бұл қойылымнан соң жұлдызы жанып, шабытының шарықтағаны да белгілі. Әдемі әзілмен өріліп, жастар арасындағы махаббатты бейнелейтін комедияның көркемдігі мен шынайылығы күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ.
Өнер • 17 Мамыр, 2018
Әлемді әсем сазбен әлдилеген – Айман Қожабекқызы
Бұл – қазақтың талантты жауынгер ақыны Жұбан Молдағалиевтің қазақ аналарына арнап жырдан тұрғызған ескерткішінің бір үзігі. Ақын ағамыз асқақтатып жырлағандай, Ұлы дала төсінде ел анасы, ерінің сенімді серігі, шаңырақтың ұйытқысы атанған асыл аналар аз болмаған.
Аймақтар • 17 Мамыр, 2018
Ақтөбеде арыстардың ескерткішіне елеусіз қуыстан жер бөлінген
Тоқсаныншы жылдардың бас кезінде обком ғимараттарының алдында қолын көкке сермеп тұрған, пролетариат көсемі В.И.Лениннің ескерткіші орталықтардан шеткері, адам аяғы аз қалтарыстау қала тұстарына көшірілді. Сол кезде Лениннің тас тұғыры Ақтөбе қаласының ескі бөлігіндегі филармония ғимаратының артынан орын теуіпті. Осы жерде оның серіктерінің бірі, алдымен қызыл террордың үгітін жүргізген, содан кейін іле-шала қанды қырғынның өзін ұйымдастырған Михаил Фрунзенің ескерткіші де орнықты. Содан бергі аралықтағы отыз жылға жуық уақыт бойы коммунистік идеяны көксеушілер бұл жерге келіп, «күн көсемнің» туған күнінде гүл шоқтарын қояды екен. Мұны неге айтып отырмыз. Гәп төмендегіше.