Қазақстан • 17 Мамыр, 2018

«Ұлы Еуразия» бастамасы ЕҚЫҰ аумағындағы сенім дағдарысын реттеуге ықпал етеді

486 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қазақстан Еуразиялық Экономикалық Одақ пен Еуропа Одағы арасында диалогтың орнатылуы мен ынтымақтастықтың нығаюына, Белдеу және жол бастамасының шеңберінде мультимодальдық транспорттық-логистикалық жүйенің дамытылуына мүдделі. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Аустрияның 2018 жылы ЕҚЫҰ Азия ынтымақтастық тобына төрағалығы шеңберінде ұйымдастырылған «Жаһандық әлемде тиімді көпжақты дипломатия - Еуропа мен Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі елдердің үлгісі» атты  халықаралық конференцияда мәлім етті. Бұл жайында Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Ұлы Еуразия» бастамасы ЕҚЫҰ аумағындағы сенім дағдарысын реттеуге ықпал етеді

Конференция барысында танымал академия, халықаралық ұйымдардың басшылары мен саясаткерлер Азия мен Еуропа құрылықтарындағы көпжақты ынтымақтастық пен өзара байланыстықты ілгерілету мәселелерін талқылады.

Р.Василенко экономикалық өзара байланыстық тақырыбына арналған сессиядағы баяндамасында қатысушыларды Қазақстанның Еуразиялық Экономикалық Одағындағы басымдықтары мен ЕЭО, Еуропа Одағы және Белдеу және жол іспеттес интеграциялық жобалар мен бастамалардың өзара ықпалдастығын арттыратын Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың «Ұлы Еуразия» бастамасы туралы  хабардар етті.

Аталған бастамалар Қазақстанның Орталық Азияны 4,4 млрд. халқы бар нарыққа ие Еуропа мен Азия арасындағы негізгі стартегиялық көпір болу мүддесіне сәйкес келеді.

ҚР Сыртқы саясат ведомство басшысының орынбасары ЭКСПО инфрақұрылымы негізінде бүкіл ЕҚЫҰ аумағына арналған Өзара байланыстық және жасыл экономика жөніндегі ЕҚЫҰ Тақырыптық орталық/хаб құру мәселесіне аса назар аударды.

«Батыс және Ресей арасындағы өзара санкцияларына байланысты көптеген саяси және техникалық қиындықтарының болуына қарамастан,кең жән қысқа енді темір жолдың байланысын жетілдіру немесе Балтық теңіз порттарын пайдалану арқылы трансконтинентальдық сауданы арттыру мүмкіндіктері туралы айтты. Бұл өсім Еуроатлантикалық және Еуразия-Тынық мұхиты аймағындағы барлық елдерге пайда әкелетінін, сол себепті Қазақстан дәйекті түрде өзара байланыстық тұжырымдамасын әзірлеу арқылы аталған мәселелерді шешу бойынша жұмысты атқарғанын және жалғастыратынын»,- қазақстандық дипломат атап өтті.

2010 жылы Қазақстан арқылы трансконтиненталдық контейнер тасымалы болмағаны, 2011 жылдың өзінде тек 1200 контейнер тасымалданғаны айтылды. 2017 жылы Қазақстан темір жолдары арқылы Азиядан Еуропаға және теріс бағытта 200 000 контейнер тасымалданды. 2018 жылы бұл көрсеткіш 350 000 контейнерге жететіні жоспарланған, ал 2020 жылы Қазақстан аумағы арқылы барлық бағыттарға 2 млн. контейнер тасымалдануы көзделуде.

Соңғы он жыл ішінде Қазақстан өзінің транспорттық инфрақұрылымына 30 млрд. АҚШ доллары көлемінде инвестиция құйды, 2020 жылғы дейін қосымша 8,4 млрд АҚШ долларын бөлу қарастырылған.

Аустрияның Еуропа, интеграция және сыртқы істер министрі Карин Кнайссль көпжақты ынтымақтастық Аустрия үшін жаһандық проблемаларды шешудің қолайлы тәсілі болғанын мәлім етті. Ағымдағы жылдың екінші жартысында Аустрияның Еуропа Одағы Кеңесіне төрағалығы барысында көпжақты дипломатияны ілгерілетуге басымдық берілетінін хабарлады.

ЕҚЫҰ Бас хатшысы Томас Гремингер өз кезегінде ЕҚЫҰ-дағы көпжақты ынтымақтастық шеңберінде диалог, өзара байланыстық пен серіктестіктің маңыздылығына тоқталды. ЕҚЫҰ Азиядағы елдердің экономикалық ролінің артуына байланысты Азия өңірімен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі болғанын сөз етті.

Конференция барысында Венадағы БҰҰ бөлімшесінің басшысы Юрий Федотов ЕҚЫҰ Адам саудасына қарсы күрес жөніндегі үйлестіруші және арнайы өкіл әрі қазақстандық дипломат М.Жарбосынованың офисімен тығыз ынтымақтастық орнатылғанына назар аударды.

Іс-шара шеңберінде Р.Василенко, К.Кнайссль, Т.Гремингер мен ЕҚЫҰ Тұрақты Кеңесінің Төрағасы - Италия Тұрақты Өкілі Алессандро Аццонимен кездесулер өткізіп, екіжақты ынтымақтастық және ЕҚЫҰ күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Қазақстан 2017 жылы ЕҚЫҰ-ға Аустрия және 2018 жылы Италия төрағалығы барысында ЕҚЫҰ Экономика және экология комитетіне төрағалық еткенін атап өтеміз.