Аймақтар • 17 Мамыр, 2017
Қарғын судан зардап шеккен петропавлдықтарға Ресейден гуманитарлық жүк келді
Кеше Ресейдің Түмен облысынан қарғын судан қиындыққа душар болған Петропавл қаласының тұрғындарына 8 тонна гуманитарлық жүк келді.
ЭКСПО-2017 • 17 Мамыр, 2017
Қазығұрт асуына EXPO-2017 белгісі орнатылды
Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қазығұрт асуында 75 метр биіктікте EXPO-2017 логотипі орнатылды.
Қаржы • 17 Мамыр, 2017
Ұлттық банк: Мамыр айында баға өсуі мүмкін
Жылдық инфляция Қазақстан Республикасында 2017 жылғы сәуірде 7,5%-ды құрады. Төмендеу көбіне азық-түлік тауарлары мен ақылы қызметтер бағасының өсу қарқыны неғұрлым баяу төмендеген кезде азық-түлікке жатпайтын инфляцияның жылдық қарқынының төмендеуі есебінен болды. Тұтастай алғанда, инфляция жылдың басынан бері Ұлттық Банктің 6-8%-дық нысаналы дәлізі шегінде бекіді. Бұл туралы nationalbank.kz хабарлады.
Қазақстан • 17 Мамыр, 2017
Сенат депутаттары Алматыға жұмыс сапарымен келді
Парламент сенатының жұмыс жоспарына байланысты экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті Алматыдағы Алатау арнайы инновациялық аймағына ат басын бұрып экономикалық инновациялық парктің тыныс-тіршілігімен танысып, көшпелі отырыс өткізді. Шараға бір топ сенаторлар мен экономика вице-министрі, сонымен қатар «НұрОтан» партиясының өкілдері және ірі кәсіпкерлер қатысты.
Аймақтар • 17 Мамыр, 2017
ОҚО-да Елбасы мақаласы аясында «Билерге тағзым» велошеруі өтті
Таяуда Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының бастамасы бойынша облыс әкімдігімен бірлесіп, Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын насихаттау мақсатында ұйымдастырған «Билерге тағзым» атты дәстүрлі велошеруі өтті.