Футбол • 17 Мамыр, 2018
Футбол – ғаламдағы ең көрермені көп спорт. Сондықтан да болар, осы спорт төңірегінде айтылар әңгімелер де ұшан-теңіз.
Жазғы спорт • 17 Мамыр, 2018
Тұңғыш Олимпиада чемпионы Ресейде тұрып жатқанына қынжылыс білдірді
Қазақтың Спорт және туризм академиясының ұстаздары мен студенттері Әлжан Жармұхамедов және Иван Едешко сынды даңқты баскетболшылармен кездесті. Кезінде КСРО құрамы сапында жасындай жарқыраған саңлақтар осы кездесу барысында өздерінің жеңісті жолдары жайында біраз әңгімелеп, жас спортшыларға шеберлік сабағын өткізді.
Парламент • 17 Мамыр, 2018
Палатаның жалпы отырысында бірнеше заң жобасы мақұлданды
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында депутаттар бұған дейін ел азаматтарының жіті назарында болған бірнеше заң жобасын мақұлдады. Олардың ішінде діни қызмет пен діни бірлестіктер жұмысын реттейтін және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың шекті бағаларын белгілеуді қамтамасыз ететін құқықтық құжаттарды атап өтуге болады. Мемлекет басшысының тапсырмаларына байланысты қолға алынған бұл заң жобалары көптеген мәселелердің түйінін шешкелі отыр.
Қазақстан • 17 Мамыр, 2018
Теріскейдегі көш: жұмыспен қамту бағдарламасы қалай жүзеге асып жатыр?
Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған 2015 жылғы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында еңбек күші жетіспейтін өңірлерге азаматтарды ынталандыруға бағытталған шараларды жүзеге асыруға тапсырма бергендігі белгілі. Бұл саяси, демографиялық және әлеуметтік маңызы бар ауқымды реформаның бастауы болатын. Осы орайда арнайы бағдарлама құрылып, халқы тығыз қоныстанған оңтүстіктен теріскейді бет алып үлкен көш қозғалды. Бүгін біз еліміздің жарқын болашағы үшін қолға алынған осы ауқымды шараны жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар жөнінде аз-кем сөз қозғағанды жөн көрдік.
Қазақстан • 17 Мамыр, 2018
Болжамдар дәйектемесі: әлемдік экономиканың дамуы қалай өзгереді?
Жыл сайын Астана қаласында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен әлемдік экономикалық форум өткізу дәстүрге айналды. Міне, бүгін салтанатпен ашылған 11-ші Астана экономикалық форумында (АЭФ) әлемнің ондаған елінен келетін 500-ге жуық спикер пікір алмасады. Әлем сарапшыларының бірауызды пікірінше, АЭФ бүгінгі жаһандық экономиканың даму драйверлерін айқындап, орын алған дағдарыстардың себеп-салдарларын ашып, қиындықтан шығу жолдарын белгілейтін әлемдік пікірсайыс алаңына айналды.