Аймақтар • 23 Мамыр, 2021
Сиверс – әлемдегі 2 мыңнан астам алма сұрпының атасы
Соңғы жылдары Сиверс алмасының байырғы мекені – жабайы ормандарды қалпына келтіру жұмыстары белсенді қолға алына бастады.
Тәуелсіздік • 23 Мамыр, 2021
Сан ғасырлық тар жол, тайғақ кешуден, сындарлы жылдардан өткен қазақ халқы әрбір дәуір, замандарда ұлтына адал қызмет еткен, артына өшпес із-өнеге қалдырған дара тұлғаларды мақтан етіп, ізгіліктерін еске алып жүрсе, өсер елдің мұраты да жарқырап көрінеді.
Аймақтар • 23 Мамыр, 2021
Коронавирус балаларда жеңіл өте ме?
Жаһанды жайлаған індет есіктен енген кезде «Ересектермен салыстырғанда балаларда бұл кесел білінбей, жұмсақ өтеді. Кішкентай пациенттердің өкпе суреттерінде пневмонияға тән тану белгілері жоқ болғандықтан, диагностикалау қиын», деген еді Nature Medicine журналы жариялаған зерттеулерде. Одан бері КВИ талай «өнер» шығарып келеді. Отандық дәрігерлер де әлеуметтік желіде «Балалар ауырмайды, ауырса да жеңіл өтеді дедік, бірақ өкпесі 40-50% зақымданған 10-14 жасар балаларды көрдік. Анасынан баласына берілмейді дедік, жаңа туған шақалақ анасынан коронавирус болып туғанды көрдік», деген жазбалар қалдырды.
Руханият • 23 Мамыр, 2021
Музыкалық жас көрермен театры сахналаған «Шәмші» мюзиклінде композитордың 15-ке жуық әні орындалады.
Өнер • 23 Мамыр, 2021
Елордада балалар эко-театры ашылды
Табиғат тазалығына түрлі жолмен көңіл бөлуге болады. Сондай ерекше жобаны EcoQolday экологиялық театры қолға алып отыр. Өнер ұжымы тек балалардан құралған. Ол жерде шығармашылық ұжым тұрмыстық қалдықтарды бөліп тастау, қоршаған ортаны қорғау тақырыптарына қатысты қойылымдар әзірлейді.