Музыкалық жас көрермен театры сахналаған «Шәмші» мюзиклінде композитордың 15-ке жуық әні орындалады.

Композитордың өмірі мен шығармашылығына негізделген қойылым туралы белгілі композитор Жоламан Тұрсынбай: «Спектакльде Шәмші әндерінің көп дауысты хормен шырқалуы жүрек тебірентті. Қазақта он мың ән, бес мың күй бар десек, бұл қойылымның да рухани қазынамызға қосылған тың дүние екенінде дау жоқ. Қойылымға Шәмшінің ең мағыналы, жақсы әндерінің топтастырылғаны сүйсінтті. Сөз бен ән домбыраның қос ішегіндей әсем үндесіп тұр. Өз басым Шәмші ағамызбен көп араласқан адаммын. Спектакльден қазақ «вальсінің королі» атанған атақты композитордың сан қырлы бейнесімен қайта қауышқандай күй кештім», деп жүрекжарды лебізін білдірді.
Спектакльде орындалатын Шәмші әндерінің қай-қайсысы да автордың өмірінде орын алған әртүрлі оқиғаны баяндайды. Тұла бойы әнге айналған тұлғаның әсерлі әлемі көрермен көңілін баурап әкетуімен құнды. Жүректерге сезім ұялатып, махаббат отын маздатқан мюзиклдің кейінгі жастарға берер тағылымы мен тәрбиелік мәні өте зор. Мәдина Омарова жазған мюзиклді труппа әртістері екі айдан астам уақыт дайындаса, ал спектакльдің режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров шығармашыл тұлғаның бейнесі мен өнер жолын халыққа шынайы жеткізу мақсатында композитордың туған жерін аралап, көп мағлұматқа қанығып қайтқанын алға тартады. Композитордың шығармашылық қоржынында 300-ге жуық ән сақталған десек, сахналық қойылымға олардың ең көп тараған үздіктері ғана таңдап алынған. Спектакльдің бір ғана Шәмшімен шектелмей, сахнаға үш бірдей Шәмшіні қатар алып шығуы және әндердің оркестр сүйемелдеуімен жанды дауыста орындалуы қойылымның басты ерекшелігі саналады.
Айта кететін жайт, Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесі құрметіне әзірленген қойылымның премьерасы наурыз айында өткен болатын. Белгілі тұлғаның күрескер бейнесін Аман Ғұмаров, Ернар Мұхамбетов, ғашық кезін Саламат Мұқашев, Ермахан Аймахан, ал композиторлық қырын Сұлтан Кеңшілік, Азамат Болатов сынды талантты жастар сомдап, композитордың өмір жолында кезіккен қиындықтарын, қоғамға деген азаматтық көзқарасын, теңіздей тулаған ішкі алапат сезімін, ғашықтық сырларын әуезді әндерімен әсем жеткізе білді. Сол сияқты Ақан сері, Ахмет Жұбанов, Мұқағали Мақатаев, Роза Бағланова, Әбілахат Еспаев, Төлеген Айбергенов, Жұмекен Нәжімеденов сияқты қазақ мәдениеті мен өнерінде орны биік қайраткер тұлғалар бейнесінің бір арнаға шоғырланып, қойылымнан көрініс табуы – бұрын-соңды пайдаланылмаған тың тәсіл, өте сирек құбылыс.
Музыкалық жас көрермен
театры репертуарындағы «Шәмші» мюзиклі ел болашағы – жас буынның өнерге деген сүйіспеншілігін арттыруда орасан зор іс тындырып отыр деуге толық негіз бар. Өскелең сана интернетке телмірген заманда кейінгі ұрпақты төл құндылықтармен сусындатып, жастарымыздың бойына отаншылдық сезімін ұялатуда театр өнері алдында үлкен міндеттер тұр. Осы жағынан алғанда, «Шәмші» спектаклі жас ұрпаққа киелі өнердің таза ауасын жұтқызуды мұрат тұтады. Театрдың Камералық оркестрі сүйемелдеуімен орындалған «Жан аға», «Арыс жағасында», «Әнім сен едің», «Қайықта», «Өмір-өзен», «Бақыт құшағында», «Сағынышым менің», «Қуаныш вальсі», «Ақ маңдайлым», «Сыған әні», «Ақан сері», «Ана туралы жыр», т.б. әндер көңіл көкжиегін көркемдікке бөлейтін тұнық бастаулар іспетті.
Мәдениет пен өнер қызметкерлері күні құрметіне ұсынылған қойылымды дүлдүл әнші Димаш Құдайберген, халықаралық 71-ші Канн фестивалінің лауреаты, «Ника» жүлдесінің иегері Самал Еслямова сынды қазақ өнерінің туын көтеріп жүрген дарын иелерінің келіп тамашалауының өзінде үлкен мән бар. Өмір жолы өз өнеріңе құрмет көрсетуден басталады.
Көктемнің соңғы күнінде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 16:35
Қаржы • Бүгін, 16:10
«Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек...» атты кеш өтті
Мәдениет • Бүгін, 15:53
Ата-ана құқығынан айырылуға не себеп болады?
Қоғам • Бүгін, 15:49
Қазақ балуандары – Азия чемпионатының жеңімпаздары
Спорт • Бүгін, 15:38
Мемлекет басшысы Ерлан Қошановты қабылдады
Президент • Бүгін, 15:34
Мәдениет саласының ардагерлеріне әлеуметтік көмек көрсетіледі
Мәдениет • Бүгін, 15:20
Индустриялық даму комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:10
Алматыда қайыр сұрап, құлдықта болған зейнеткерге көмек көрсетілді
Аймақтар • Бүгін, 15:08
Елордада Мемлекеттік рәміздер күніне орай онлайн конкурс өткізіледі
Елорда • Бүгін, 14:51
Астанада мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада өтті
Елорда • Бүгін, 14:43
Әуе маршруттарын субсидиялауға 7,2 млрд теңге бөлінді
Қоғам • Бүгін, 14:33
Алты өңірде АИТВ жұқтыру дерегі артты
Медицина • Бүгін, 14:00
Қаржы министрі зейнетақы жинағын ерте шешіп алмауға кеңес берді
Қаржы • Бүгін, 13:25
Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
Саясат • Бүгін, 13:20
Шымкентте екі полицей пара алды деген күдікке ілінді
Қоғам • Бүгін, 12:55
Астанада студенттерге арналған 5 жатақхана салынады
Елорда • Бүгін, 12:42
Журналистерге арналған «Парасат» конкурсы басталды
Қоғам • Бүгін, 12:30
Жалған ақпарат таратқан блогерлер жауапқа тартылады
Қоғам • Бүгін, 12:17
Балаларға арналған тегін үйірмелерге 86,7 млрд теңге бөлінді
Қоғам • Бүгін, 12:05
Сенаторлар босқындар мәселесін талқылады
Саясат • Бүгін, 11:50
Абай облысында 30 млн ағаш отырғызылады
Қоғам • Бүгін, 11:47
Автокөліктерге арналған VIP нөмірлерді онлайн сатып алуға болады
Қоғам • Бүгін, 11:33
«TikTok» желісінде құмар ойын ұйымдастырғандар сотталды
Қоғам • Бүгін, 11:26
Елімізде 9 жаңа халықаралық әуе маршруты ашылады
Қоғам • Бүгін, 11:17
Қазақстан елшісі Әзербайжан президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Саясат • Бүгін, 11:08
Осы аптада өтетін мәдени-спорттық іс-шаралар
Қоғам • Бүгін, 10:50
Үкіметте газ саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды
Үкімет • Бүгін, 10:43
Қытайда жұмыссыз жастар көбейді
Әлем • Бүгін, 10:35
Қазақстанда запастағы офицерлер әскери қызметке шақырылады
Әскер • Бүгін, 10:27
Латын әліпбиіне көшетін түркітілдес елдерге қолдау көрсетіледі
Қоғам • Бүгін, 10:12
«Жолдасымның ғашық болғанын аңғардым» - «Нурикамал» әнінің шығу тарихы
Өнер • Бүгін, 10:03
Еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды
Экология • Бүгін, 09:55
Алматы тауларында адасып кеткен туристер құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 09:45
Алматыдағы танымал фастфуд дүкені өртенді
Қоғам • Бүгін, 09:30
«Семей орманы» табиғи резерватының басшылары сотталды
ANTIKOR • Бүгін, 09:23
30 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:12
280-нен астам инвестициялық жоба іске қосылады
Инвестиция • Бүгін, 09:05
Үкімет сағаты: Инвестициялық ахуалды жақсарту
Сенат • Бүгін, 08:59
Жылу мен су тапшылығы шуға айналды
Мәселе • Бүгін, 08:55
Ұқсас жаңалықтар