Аймақтар • 25 Мамыр, 2020
Қарағандыда ғылыми-тәжірибелік конференция онлайн-режімде өтті
Кеншілер астанасында Қарағанды облысының мектепке дейінгі ұйымдары қызметкерлерінің VIIІ облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы онлайн-режімде өтті, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 25 Мамыр, 2020
Маңғыстау өңірінде 62 баланы ит қауып алған
Үстіміздегі жылдың 5 айында 62 баланы ит қауып алған. Соңғы жағдай Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылында орын алған. Көршінің иті 12 жастағы баланың аяғының бірнеше жерін тістеген. Жарақат алған балаға шұғыл түрде ота жасалып, құтыруға қарсы вакцина алу шаралары ұйымдастырылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Экономика • 25 Мамыр, 2020
Коммерциялық жылжымайтын мүлік нарығы ашық болуы керек
Кеше Алматыда онлайн форматта өткен баспасөз жиынында сарапшылар тұрғын үй нарығында әлем цифрландырудың көмегімен ашықтыққа және жылдамдыққа иек арта бастағанын, Орталық Азия аймағындағы сауда және бизнес орталықтарының иелері мен менеджерлері өздерінің нысандары туралы басы ашық мәліметтер беруге асықпай отырғанын айтты.
Руханият • 25 Мамыр, 2020
Қазақтың түйіп айтқан әр сөзінің түбінде қатпар-қатпар қазына жатады. Ұлы даланың төсінде емін-еркін көшіп-қонып, мыңдаған жылдар бойы мағыналы ғұмыр кешкен қазақ баласы өзінің жүріп өткен өмір жолын тобықтай ғана сөзбен түйіндеп отырған. Сондай салмақты сөздердің бірі нағашы турасында айтылған. Нақты нақылдан небір ұлағатты ой қорытуға болады.
Қоғам • 25 Мамыр, 2020
Жастар жаңа үлгідегі отбасын құруға бейілді - сауалнама
«Зор Рух» қайырымдылық қоры Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп, «Отбасы институты» жобасы шеңберінде жастардың отбасылық өмірге дайындық деңгейін анықтау мақсатында жаппай онлайн тестілеу өткізді. Бұл іс-шара Халықаралық Отбасы күніне орайластырылды.