Экономика • 25 Мамыр, 2020

Коммерциялық жылжымайтын мүлік нарығы ашық болуы керек

203 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Кеше Алматыда онлайн форматта өткен баспасөз жиынында сарапшылар  тұрғын үй нарығында әлем цифрландырудың көмегімен ашықтыққа және жылдамдыққа иек арта бастағанын, Орталық Азия аймағындағы сауда және бизнес орталықтарының иелері мен менеджерлері өздерінің нысандары туралы басы ашық мәліметтер беруге асықпай отырғанын айтты.     

Коммерциялық жылжымайтын мүлік нарығы ашық болуы керек

Ресейден келген сарапшы Никола Орловский  өткен жылы Алматыда коммерциялық жылжымайтын мүлікке арналған  форумда  коммерциялық жылжымайтын мүлік жобалары, сауда орталықтары мен кеңселерін салу және жүзеге асыру ерекшеліктері, олардың адамдарға жайлы болуы туралы мәселелерді талқылағанын айтып өтті.

Қазір Орталық Азия көлемінде жылжымайтын мүлік нарығында жүрген қатысушылардың саны  бес мыңнан асып кетіпті. «­Бір-бірімізден жасыратын ештеңенің қалмағаны өткен жылы белгілі болып қалған болатын. Қазір тұрғын үй нарығы интеграцияланып кетті. Мәскеуде немесе Ташкентте тұрғын үй нарығына инвестиция салатын қазақтар көбейді. Былтырғы форумның беталысына  қарап,  ақпараттың жабық кезеңдерінен өтіп, диалогтың артықшылықтарын жоғары бағалап қайтқан едім» дейді Никола Орловский.

Осы ретте сарапшы Қазақстан нарығында әлі де кеңсе және бөлшек жылжымайтын мүліктің бірде-бір классификаторы жоқ екенін, сондықтан объектінің деңгейін - оның сыныбын, техникалық сипаттамаларын, жалдау ставкасының деңгейі мен құрылымын түсінуге мүмкіндік жоқ екенін де  айтып өтті.

«Классификатор  жалға алушыға өзі үшін ең жақсы таңдау жасауға мүмкіндік береді, ал әлеуетті инвестор объектінің инвестициялық тартымдылығын бағалауға мүмкіндік береді. Америкада кез-келген бизнес-орталықтың веб-сайтында сіз қаржылық есептілікті, объектінің иесі алатын кіріс мөлшерін көре аласыз, ал инвестор сатып алу туралы бірден шешім қабылдай алады. Бізде консалтингтік компаниялардан, оның ішінде халықаралық атаулардан басқа ақпарат бар. Қазақстан нарығында әлі де кеңсе және бөлшек жылжымайтын мүліктің бірде-бір классификаторы жоқ, ол объектінің деңгейін - оның сыныбын, техникалық сипаттамаларын, жалдау ставкасының деңгейі мен құрылымын түсінуге мүмкіндік береді. Бұл жіктеуіш жалға алушыға өзі үшін ең жақсы таңдау жасауға мүмкіндік береді, ал әлеуетті инвестор объектінің инвестициялық тартымдылығын бағалауға мүмкіндік береді. Америкада кез-келген бизнес-орталықтың веб-сайтында сіз қаржылық есептілікті, объектінің иесі алатын кіріс мөлшерін көре аласыз, ал инвестор сатып алу туралы бірден шешім қабылдай алады. Бізде консалтингтік компаниялардан, оның ішінде халықаралық атаулардан басқа ақпарат бар», дейді Николо Орловский.

Осы жиында жылжымайтын нарық қатысушылары  халықаралық консалтингтік компанияларда жұмыс істейтін сарапшылармен, халықаралық институттардың профессорларымен байланыс орнату арқылы мамандардың біліктілігін арттыруға және дайындауға дайын екенін айтты.

Жиын қортындысы бойынша  саланың мәселелерін шешу үшін  ашық сөйлесіп, ақпарат алмасып отыру қажеттігіне тоқталды.  Алдағы уақытта Орталық Азия елдері және Ресей үшін тұрғын үй нарығында ортақ классификатор жүйесін қалыптастырмайынша, бұл мәселе шешімін таппайтыны айтылды.

Сонымен келесі жиында осы мәселені қалыптастырудың тетіктерін талқылайды. Ол жиын Ташкент қаласында өтетін болып келісілді.

Алматы