Аймақтар • 25 Мамыр, 2020
Петропавл қаласы әкімдігінің автомобиль жолдары бөлімінің бастығы Бақыт Ілиясовтың айтуына қарағанда, биыл Қызылжардың 75 көшесі мен саяжайлар және қорымдарға апаратын жолдары жөнделмекші. Ал былтыр 50 көше жөнделген екен. Осы мақсатқа бюджеттен 704 млн теңге бөлінген. Жөндеу жұмыстарының жалпы аумағы 300 мың шаршы метрды құрайды. Жөнделетіндердің қатарына қаланың қақ ортасындағы М.Жұмабаев, М.Горький атындағы ең үлкен көшелер де енгізіліпті.
Әлем • 25 Мамыр, 2020
Моңғолия мен Мажарстан Түркі академиясын 10 жылдық мерейлі межесімен құттықтады
Халықаралық Түркі академиясының 10 жылдық мерейтойына орай Моңғолияның тұңғыш президенті, академик П.Очирбаттан және Мажарстан Ұлттық ассамблеясының вице-президенті, әйгілі ақын Шандор Лежактан Академия басшысы Дархан Қыдырәлінің атына құттықтау хаттар түсті. Бұл туралы аталған ұйымның ресми сайты хабарлады.
Аймақтар • 25 Мамыр, 2020
229 атыраулық түлек «Алтын белгі» иегері атанды
Тағы бір буын үшін мектеппен қоштасар сәт жақындады. Бүгін өңірдегі 196 мектептің 129 500 оқушысы үшін оқу жылының аяқталғанын білдіретін соңғы қоңырау соғылды. Әрине, бұл шара онлайн режимде өтті.
Аймақтар • 25 Мамыр, 2020
Алматыдағы оқиға: Мас жүргізуші полиция қызметкері емес
Алматы полициясы екі полиция қызметкерін мерт қылған жүргізуші туралы ақпарат берді.
Қазақстан • 25 Мамыр, 2020
IV тоқсанда 3 мыңнан астам бейнесабақ көрсетілді
Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.