Аймақтар • 25 Мамыр, 2020

Пара алған подполковникке 600 мың теңге айыппұл салынды

368 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Пара алатындар шенін де, атқаратын қызметін де есінен шығарып алатынға ұқсайды. Бұған Атырау облыстық полиция департаменті подполковнигінің шенінен айрылып, жұмысынан қуылғаны дәлел.

Пара алған подполковникке  600 мың теңге айыппұл салынды

Бұл қылмыстық №2 Атырау қалалық сотында қаралды.

"Полиция подполковнигі аңшылық қаруды сақтауға, ұстап жүруге рұқсат қағазын тез рәсімдеу үшін 30 мың теңге көлемінде пара алған. Сот полиция қызметкерін ҚР Қылмыстық Кодексінің 366-бабының 1-бөлігімен  кінәлі деп танып, параның 20 еселенген мөлшерінде (600 мың теңге) айыппұл салуға шешім шығарды. Сотталушы подполковник шенінен,  өмір бойына  мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылды", - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.