Президент • 16 Мамыр, 2019
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Президенті Армен Саркисянмен кездесті
Қазақстан Президенті Армения басшысына Астана экономикалық форумына қатысуға келгені үшін ризашылығын білдіріп, екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселелеріне тоқталды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 16 Мамыр, 2019
Маңғыстау спортшылары жемқорлыққа қарсы қозғалысқа қолдау білдірді
«Маңғыстау Арена» спорт кешенінде Ақтау қалалық дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімінің ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық лекторлық тобының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында спортшылармен кездесуі болып өтті. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 16 Мамыр, 2019
Қарағандылық оқушылар мектепке онлайн режімінде орналастырылады
Биылғы жылдың 1 маусымынан бастап Қарағанды қаласында бірінші сыныпқа қабылдау және мектептен мектепке ауысу өтінімдерін http://school.kargoo.gov.kz/ru/ порталы бойынша беру мүмкіндігін қарастырған жаңа жүйе іске аса бастайды. Яғни, ата-аналар енді балаларын мектепке онлайн режімінде орналастыра алатын болды.
Аймақтар • 16 Мамыр, 2019
Солтүстік Қазақстанда ауыл жастарының республикалық форумы өтті
«Жас келсе –іске» атты ауыл жастарының республикалық форумына Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан өңірлерінен келген өкілдер, президенттікке үміткер Амангелді Таспихов, Қазақстан кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайым қатысып, мәселелерді бірлесіп шешудің ортақ жолдарын талқылады.
Экономика • 16 Мамыр, 2019
Асқар Жұмағалиев үшінші қазақстандық-америкалық бизнес-форумға қатысты
Цифрландыру, қорғаныс және аэроғарыш саласында америкалық инвесторларға ашылатын мүмкіндіктер туралы бәсекеге қабілеттілік жөніндегі форумда Асқар Жұмағалиев айтып берді. Бұл туралы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.