Аймақтар • 17 Мамыр, 2023
Ұрпақтар сабақтастығын алқалаған іс-шара
Төрткүл әлем түгел атап өтіп жатқан Отбасы күні мерекесі кеншілер мекенінде де атаусыз қалмады. Бұл күні Қарағандыда «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы ресми түрде ашылып, оның аудандық және қалалық кезеңдеріне қатысуға өтініш қабылдау басталды.
Отбасы • 17 Мамыр, 2023
Халықаралық отбасы күніне орай Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында «Отбасым – Отанымның тірегі» атты форум өтті. Оған қала әкімі Мұрат Әйтенов пен көпбалалы отбасы мүшелері, ардагерлер, зиялы қауым, жастар қатысты. Солардың ішінде ережесіз жекпе-жектің жарқын өкілі Арман Оспан мен бокстан халықаралық дәрежедегі жарыстардың жүлдегері, танымал спортшы Біржан Жақып отбасымен келді.
Пікір • 17 Мамыр, 2023
Басқа жақты білмейміз, Алматыда адам сенбейтін жағдай. Театрға билет табу қиын, спектакльдің бәрі аншлагпен жүреді, зал аузы-мұрнынан шығып отырады. Спектакль болатын күні көрерменнің кассаға келе салып, билетті ала салып, орын тауып отыра салуы арманға айналған. Кейбір спектакльге ай бұрын қамданбасаң, касса біткен жылан жалағандай, билеттер әп-сәтте сатылып кетеді. Бұған ара-тұра шетелден гастрольге келетін әлемдік деңгейдегі театрлардың әйгілі қойылымдарына көрерменнің 50-60 мың теңгеге билет таппай Абай атындағы Опера және балет театрының алдында сеңдей соғылысып жүретінін қосыңыз.
Қоғам • 17 Мамыр, 2023
Әлем чемпионы Санжар Тәшкенбайға пәтер сыйға тартылды
Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен бокстан 2023 жылғы әлем чемпионатында жеңіске жетіп, алтыннан алқа таққан чемпион Санжар Тәшкенбайға пәтер кілті табысталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Хоккей • 17 Мамыр, 2023
Финляндияның Тампере және Латвияның Рига қалаларында өтіп жатқан шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасы қатарынан екінші ойында жеңілді. Ғалым Мәмбеталиев шәкірттері үшінші турда Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері, В тобының көшбасшысы Швейцария хоккейшілерімен шеберлік байқасып, бұл жолы да ірі есеппен қарсыластарына жол берді.