«Beles» құрылыс компаниясының директоры Махат Төреәлі халық сүйіспеншілігіне бөленген Санжар Тәшкенбайға пәтер сыйлады.
Бұл туралы спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен өзінің Instagram парақшасында жазды.
«Махат Төреәлі әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай бауырымызға @beles.holding компаниясы атынан пәтер сыйлады. Атымтай жомарт Махат Төреәлі осы жолы ерледі», деп жазды ол.