Қоғам • 31 Мамыр, 2024
Бүйрегінен тоқтаусыз ұрған: 18 жастағы сарбаздың өліміне қатысты тың дерек айтылды
13 мамырда Алматыдағы Қорғаныс министрлігінің Орталық әскери клиникалық госпиталінде 18 жастағы сарбаз Досымжан Сәлімжан қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауыл • 31 Мамыр, 2024
Әкімдікте бұрын-соңды мұндай жиын болмаған. Шығыс Қазақстан облысында алғаш рет ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен кеңейтілген отырыс өтті.
Қоғам • 31 Мамыр, 2024
Баспанасыз жетімдер қолдаусыз қалмайды
Биыл жыл бастала салысымен жетім балалар тұрғын үй мәселесін көтеріп, Мемлекет басшысына тікелей жүгінуіне мәжбүр болғаны есімізде. Президент пен Алматы қаласының әкіміне бейнеөтініш жолдаған Алматы облыстық №1 балалар үйінің түлектері Алматы облысының әкімдігінде тұрғын үй алуға кезегінде тұрған, яғни Алматы қаласының тұрғын үй кезегіндегі тізімде жоқ екен.
Сұхбат • 31 Мамыр, 2024
Аралбек Берікұлы: Ауыл мектебінің тағдыры бәрімізді алаңдатады
Қазір жастардың көбі шетелде білім алуды қалайды. Сол шетелдік білімі, дипломы арқылы еліміздің ірі қалаларындағы беделді ұйымдарда, тіпті шетелдің атақты компанияларында еңбек етуді көздейді. Осындай ойдағы замандастарының арасында Аралбек Берікұлы секілді басқаша көзқарастағы жандар да бар. Ол – математика пәнінің мұғалімі, Шығыс Қазақстан облысының Самар ауданындағы Құлынжон ауылдық орта мектебінің директоры, «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, 3 кітаптың авторы. Ұлыбританияда білім алған Аралбектің шетел асуына болушы еді, бірақ кейіпкеріміз: «Бәріміз елден кете берсек, мұнда кім қалып қызмет етеді?» деп, сөзін ісімен ұштастырыпты.
Шымкент • 31 Мамыр, 2024
Түлектерге арналған жұмыс жәрмеңкесі
Жуырда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде оқу орнының бітіруші түлектеріне арналған «Жас маман-2024» бос орындар жәрмеңкесі өтті. Оған Шымкент қаласы мен Түркістан облысынан екіжақты келісімшарт негізінде өндірістік кешендер, ірі кәсіпорындар, спорт, мәдениет, білім беру секілді жалпы саны 150-ден аса мекеме қатысты.