Технология • 21 Мамыр, 2021
KZ-CERT қызметі былтыр Қазақстанда интернет ресурстарындағы фишинг шабуыл мен кибералаяқтыққа байланысты шағымдардың артқанын анықтаған. Сарапшылардың айтуынша, бұған карантиндік режімнің салдарынан өндірістік процестер мен көрсетілетін қызметтердің онлайн форматқа ауысуы әсер етті. Мәселен, былтыр 24 мыңнан астам қауіпті жағдай тіркеліп, оның 1,5 мыңнан аса фактісі фишинг шабуылға қатысты болды.
Аймақтар • 21 Мамыр, 2021
Трансшекаралық суларды пайдалану соңғы жылдары Орталық Азиядағы түйінді проблемалардың біріне айналғаны белгілі. Тіпті осы мәселенің соңы қарулы қақтығысқа ұласуы мүмкін деген ертеректе айтылған болжамды жақында Қырғызстанның Баткеніндегі қырғыз-тәжік қақтығысы дәлелдеді.
Президент • 21 Мамыр, 2021
Қазақстан-Тәжікстан: Екіжақты әріптестікті дамытудың мүмкіндігі мол
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның шақыруы бойынша Душанбеде ресми сапармен болып, екіжақты келіссөз жүргізді. Келіссөз барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық, халықаралық және аймақтық қауіпсіздік мәселелері кеңінен талқыланды.
Руханият • 21 Мамыр, 2021
Білге ақын. Олжас Сүлейменов туралы толғаныс
Дүниені дүр сілкіндірген жауынгер жұрттың қазыналы керуенінің қатепті қара нарының қоңырау үнін жаңа заманға кемеңгерлікпен жалғастырған жасампаз тұлғалар Алаштың рухани жаңғыруына тосын бетбұрыс жасап, пассионарлық қуатымен ел жадын серпілтіп оятып, сұңқар дабысымен, тұлпар шабысымен бодандықтан бостандыққа қарай жігер беріп келген.
Сұхбат • 21 Мамыр, 2021
21 мамыр – еліміздегі Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.