Коронавирус • 23 Мамыр, 2020
Қазақстанда коронавирустан емделіп шыққандар саны 4100-ден асты
Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы елімізде тағы 72 адамның коронавирустан айыққанын хабарлады.
Қоғам • 23 Мамыр, 2020
Елордада жұмысын қайта бастаған сауда орталықтарында маскалар таратылды
Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 23 Мамыр, 2020
Батыс Қазақстан облысында карантин мерзімі ұзартылды
Батыс Қазақстан облысы аумағындағы облыстың бас санитарлық дәрігері Мұхамғали Арыспаевтың қаулысымен карантин режімі 15 маусымға дейін ұзартылды. 15 маусымға дейін аурушаңдық деңгейі 2%-дан төмен болған жағдайда карантин тоқтатылуы мүмкін. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев айтып берді.
Қоғам • 23 Мамыр, 2020
Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ораза айтты үйде қарсы алуға шақырды
Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы ҚМБД мәлімдемесіне сәйкес, Ораза айт мерекесін карантин жағдайында барынша сақтық шараларын сақтап, үйде қарсы алуға шақырды. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 23 Мамыр, 2020
Елордада карантин режимі жеңілдемейді
Нұр-Сұлтанда карантин режимі жеңілдемейді, тұрғындар санитарлық нормаларды қатаң сақтауы тиіс. Қаланың периметрі бойынша блок бекеттер жұмысын жалғастыруда. Қаланы патрульдеу, кәсіпорындардың санитарлық нормаларды сақтауы, халық арасында түсіндірме жүргізуге полицейлердің барлық құрамы жұмылдырылды. Дәрігерлер мен волонтерлер және тағы басқалары күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.