Батыс Қазақстан облысы аумағындағы облыстың бас санитарлық дәрігері Мұхамғали Арыспаевтың қаулысымен карантин режімі 15 маусымға дейін ұзартылды. 15 маусымға дейін аурушаңдық деңгейі 2%-дан төмен болған жағдайда карантин тоқтатылуы мүмкін. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев айтып берді.

Жалпы өңір бойынша күні бүгінге дейін 86 ошақтан COVID-19 диагнозымен 370 жағдай тіркелген екен. Соның ішінде 11 адам – 14 жасқа дейінгі балалар. 23 мамыр күнгі аурудың өсімі – 2,8%-ды құрап отыр.
- Жалпы анықталған науқастардың 251-і ауруды сырттан жұқтырған. Бұл барлық науқастың 67,8%-ы. Ал 114 жағдайда індет ауырған адамдармен қарым-қатынас арқылы жұққан. Олардың 63-і – медицина саласының қызметкерлері, бесеуі – полиция қызметкері. Үй жағдайында оқшауланып, отбасы мүшелеріне індет жұқтырған 43 оқиға анықталды. Бүгінгі таңда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында 144 науқас тиісті емін алып жатыр. Провизорлық стационарда – 24, карантиндік стационарда – 217 адам, үй жағдайында – 1208 адам оқшаулануда, - дейді Нұрлыбек Ермекұлы өңірде қалыптасқан эпидемиологиялық ахуалға шолу жасап.
Осы кезге дейін негізінен шекара бекеті мен Орал қаласынан ғана шығып келген ауру ошағы енді аудандарға да тарала бастағаны алаңдатып отыр. Мәселен қазір коронавирус жұқпасымен Ақжайық ауданында 5 жағдай тіркелсе, Бөрлі ауданында – 7 жағдай, Бәйтерек ауданында – 3 жағдай, Сырым ауданында – 4 жағдай, Тасқала ауданында – 10, Теректі ауданында – 1 жағдай тіркелді.
Жалпы өңірде COVID-19 диагнозымен тіркелгендердің 275-і – Батыс Қазақстан облысының тұрғындары. 84 адам – Қазақстан Республикасының өзге аймақтарынан болса, 7 адам – шетелдік екен.
Коронавирусты жұқтырғандардың 182-сі – Ресей Федерациясынан, 68-і – көршілес Атырау облысы аумағынан, ал 1 адам – Германиядан келген.
Екі мәрте тест сараптамасынан өтіп, жазылғандығы анықталған 220 адам қазір ауруханадан шығарылып, өз үйіне жіберілген. Бірақ олар одан әрі үй жағдайында 14 күндік оқшаулану тәртібін сақтауы тиіс.
Өткен тәулікте өңірдегі мұнай өндіруші ең алып компания – Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг б.в. компаниясының бір қызметкері COVID-19 диагнозымен ауруханаға түсті. Тексеріс нәтижесі көрсеткендей, ол вахтаға кетер алдында Орал қаласында Теңіз кенішінде вахталық жұмыс істейтін туысымен жолыққан екен. Енді ҚПО компаниясының онымен қарым-қатынаста болған әріптестері түгел оқшауланып, провизорлық бақылауға алынды.
Үй жағдайында оқшауланған азаматтардың салдыр-салақтығы мен жауапсыздығы да індеттің таралуына әсер етіп тұр. Нұрлыбек Мұстаевтың айтуынша, Сырым ауданында «14 күн бойы үйде оқшауландым» деген тұрғынның Орал қаласына келіп-кеткендігі анықталыпты. Яғни оның қанша адамға індет жұқтырып үлгергені белгісіз. Қазір Сырым аудандық санитарлық дәрігерінің қаулысымен аудан аумағында да карантин жарияланды.
Батыс Қазақстан
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Бүгін, 10:33
Өлтіріп кеткен: Алматы облысында пәтерден 3 адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Бүгін, 10:00
Еңбек министрлігі зейнетақы ақшасына автокөлік сатып алу туралы ұсынысқа жауап берді
Экономика • Бүгін, 09:45
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Бүгін, 09:20
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • Кеше
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • Кеше
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • Кеше
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • Кеше
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • Кеше
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • Кеше
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • Кеше
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • Кеше
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • Кеше
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • Кеше
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • Кеше
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті
Аймақтар • Кеше
Қазақстандықтардың несиесі 7,6 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Кеше
Түркістанда құдалық өткізгендер жауапқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттен шалғай орналасқан ауруханаға КТ аппараты орнатылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда қосымша жұмыс орындары ашылады
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Алматыда халықаралық форум өтті
Аймақтар • Кеше
Азаматтарға арналған үкімет өзінің кадрлар резервін жасақтайды
Аймақтар • Кеше
Мемлекеттік хатшы Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды
Фотогалерея • Кеше
Батыс Қазақстанда жол апатынан 4 адам қаза тапты
Аймақтар • Кеше
Екі қазақстандық дзюдошы әлемнің үздік ондығына енді
Спорт • Кеше
ШҚО ауыл шарушылығы бойынша алдыңғы қатарда
Аймақтар • Кеше
Экология вице-министрі жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болды
Экология • Кеше
Ұқсас жаңалықтар