Тарих • 31 Мамыр, 2017
Еліміз тәуелсіздік алған соң тәубемізге келіп, өлгеніміз тірілгендей, өшкеніміз жанғандай күйді бастан кештік. Тірілгені сол – тоталитарлық жүйенің құрбаны болған тұлғаларымыз ақталды. Жанғаны сол – Кеңес өкіметі бүркемелеп келген ащы шындық айтыла бастады. Тәуелсіз Қазақстанның ең алдымен қолға алған іргелі ісінің бірі ақтаңдақ жылдардың ақиқатын ақтаруға бағытталды. Сөйтіп, 1993 жылғы 14 сәуірде «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заң қабылданды. Осыдан жиырма жыл бұрын Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 31 мамырды Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні деп бекітті. Соңғы төрт жылдан бері Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні ретінде аталып өтіліп келеді. Міне, содан бері азаттық жолында құрбан болғандарды еске алып, тарихтың қасіретті кезеңі туралы деректер төңірегінде сөз болады.
Тағдырдың талай теперішінен өтіп, азат күнге, аңсарлы арманына қол жеткізген еліміз үшін бүгін аса маңызды күн. Бүкіл Қазақстан халқы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың осыдан тура 20 жыл бұрын арнайы Жарлығымен бекітілген атаулы дата – 31 мамырда Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнін атап өтеді.
«Үш жылда 372 көтеріліс болды»
«Не көрмедік?!» деген тұрмыстың ауыртпалығынан қажыған қайрансыз дауыстың ар жағында ауыр тағдырдың жатқанын да сезінесің. Тәуелсіздікке қол жеткен заманда өткенге көз тастасаңыз, солай күбірлеріңіз хақ. Саяси-қуғын сүргін, ашаршылық құрбандарын еске алар сәтімізде тарих ғылымдарының докторы, профессор Талас Омарбековпен әңгімелескен едік.
Қазақстан • 31 Мамыр, 2017
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедтің жетекшілігімен партия делегациясы Жапонияға барды. Сапардың басты мақсаты – халықаралық және партияаралық ынтымақтастықты нығайту және елдің басты саяси күші Либералды-демократиялық партиямен тығыз қарым-қатынас орнату. Сондай-ақ, өткен жылдың қараша айында Қазақстан Президентінің Жапонияға жасаған сапарының нәтижесінде қол жеткен әріптестікті одан әрі күшейтіп, оның аясын кеңейту.
Әдебиет • 31 Мамыр, 2017
Ол – қазақ тілінің үлкен жанашыры. Ана тілінің қаға берісте қалған тұстарын аңғарып қалса, оны көтерерлік бір шаралар ойлап, істің тетігін тауып кетеді. Мектептерге жиі барып, сөрелері босап қалған кітапханаларды қазақ ақын-жазушыларының шығармаларымен толықтырып, авторлармен кездесу ұйымдастыру – оның негізгі бағдарламасының бірі. Тіл реформасы жайлы мақалалар жазып тұрады.