Парламент • 29 Мамыр, 2017

Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

476 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенаты Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер мен жануарлар дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Баспасөз қызметі.

Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

Бұл құжат биологиялық әралуандықты сақтау үшін экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық және өзге де жағдайларды жасауға бағытталған. Атап айтқанда, орман және аң аулау шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қолданыстағы заңнамаға, сондай-ақ экологиялық және өзге де аралас заңнамаға түзетулер енгізу көзделіп отыр.

Заң жобасындағы жекелеген баптар орманды пайдалану, балық шаруашылығы қызметі, жануарлар дүниесі объектілерін жасанды өсіруді, жануарларды елімізге әкелу және әкету мәселелерін қарастырады. Мемлекеттік ұлттық парктер мен олардың қорғалатын аймақтарының аумақтарын пайдалану тәртібі нақтыланып, биосфералық резерваттардың құқықтық тәртібі белгіленеді.

Заң жобасы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қызметкерлерінің лауазымдық еңбекақыларын 25 пайызға жоғарылатуды, сондай-ақ оларға мал жаю мен шөп шабу үшін жер учаскелерін беруді көздейді.

Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.