Әдебиет • 19 Мамыр, 2022
Ескі заманда Герируд өзенінің бойында әлдебір суретші ғұмыр кешті. Жан баласын жатырқамай, табиғат ананың Тәңірлік әсемдікпен шағылысқан тұмса сипатынан нәр алған еді ол. Геродот жазбасында «Орта Азияның астық толы кәрзеңкесі» деп аталған Герат қаласы бұл тұста ілім-білімнің қайнар-бұлағына айналып үлгерген-тін. Суретші Кәмеледдин Бекзат осы алқапта кірпияз һәм асқақ өнер тудырып, кейінгі ұрпақ тілімен «Шығыстың Рафаэлі» аталды. Сірә, талантты адамға Құдай тағала майырылмас талапты қоса беретін болса керек. Дүниенің таса қалған сырларына құмартып, бар өмірін шарқ ұрып жұмбақ жолды іздеумен арпалысқан талант атаулы содан да мазасыз, өзіне көңілі толудан ада.
Тарих • 19 Мамыр, 2022
Елорда төрінен орын тепкен Ұлттық музейге қарай ағылған халықтың қарасы бүгін тіпті қалың. Әсіресе тарихын танып, өткеннің өнегесін бойына жиғысы келген жастардың ықыласы жанға қуат, жүрекке жігер сыйлайды. Жұмыс күнінің аяқталғанына қарамастан жанталасып алып ғимаратқа анталай асыққан әлеуметтің музей алдындағы қарбалас тіршілігіне қарап көңіл сүйсінгендей.
Руханият • 19 Мамыр, 2022
Әдебиеттің төңірегіндегі әңгімелерге аса мән бермей жүрміз. Сөз өнерінің өзін ғана сөз етсек болды, басқасында шаруамыз жоқ сияқты. Әсілінде шығармашылық өнер мен өмір қатар өрілсе, әдебиетке деген қызығушылық арта түсер еді. Әсіресе оған әйел заты араласса, тақырып түрленіп шыға келетініне мысал жеткілікті. Мұндай әңгімелер де кейде өз алдына бір көркем дүниедей көңіліңді бір ысынтып, бір суынтатыны бар.
Қазақстан • 19 Мамыр, 2022
Қай елдердің азаматтары елімізде кәсіпкерлікпен айналыса алады
Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Қырғызстан, Беларусь, Армения елдерінің азаматтары елімізде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыра алады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 19 Мамыр, 2022
Қазақ спортшыларының киімі ХОК мәдени мұрасына енді
18 мамыр күні Лозаннада Бейжің Олимпиадасында Қазақстан құрамасының Ту ұстаушылары Абзал Әжіғалиев пен Екатерина Айдованың ашылу салтанатындағы формаларын Олимпиада мұражайына ресми түрде табысталды, деп хабарлайды Egemen.kz.