Қоғам • 15 Мамыр, 2019
Елордада екі тәулік ішінде көлікті мас күйінде басқарған 17 жүргізуші ұсталды
Полиция қызметкерлері «Мастер – жүргізуші қылмыскер» жедел алдын-алу шарасын өткізді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Аймақтар • 15 Мамыр, 2019
Атыраудағы тұрғын үйлердің қабырғаларына Street-art суреттер салынды
Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясының бейнелеу өнері және дизайн пәні оқытушылары облыс орталығын безендіруге үлес қосуды қолға алды. Бұл туралы Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 15 Мамыр, 2019
«Бала дауысы» ұлттық балалар ән байқауының кезекті іріктеуі 12 мамырда Өскеменде өтті. Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен және Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қорының ұйымдастыруымен шымылдығы түрілген шараға облысымыздың түкпір-түкпірінен 100-ден астам бала қатысып, бақтарын сынады.
Аймақтар • 15 Мамыр, 2019
Кедергісіз келешек ертеңге ұмтылады
Жұмыр басты жан мүгедек болсам немесе мүгедек болып қалуым мүмкін-ау деп ойламайды. Күндердің күнінде жазатайым жол апатына ұшырап, болмаса ойламаған жерден құлап мүгедек болып қалуы ғажап емес. Тағдыр басқа салған соң көнесің де, көнбегенде қайда барасың? Жуырда Nur Оtan партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүгедек азаматтардың өмір сапасын жақсартуға арналған Ұлттық жоспардың жобасын талқылауға арналған іс-шара өтті.
Руханият • 15 Мамыр, 2019
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалаларынан туындайтын міндеттерді іске асыру мақсатында әйгілі композитор, атақты ақын Кенен Әзірбаевтың 135 жылдығына орай Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының ұйымдастыруымен Кенен атындағы ІХ республикалық «Шырқа, даусым!» дәстүрлі әншілер конкурсы өтті. Аталған өнер додасына шетелдерден, сонымен қатар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Қарағанды, Семей, Тараз қалаларынан және Жамбыл облысының бірқатар елді мекенінен 33 өнерпаз қатысты.