Аймақтар • 16 Мамыр, 2019
Петропавлда автобус өртеніп, балалар құтқарылды
Петропавл қаласынан Тайынша ауданына бет алған «Газель» шағын автобусы отқа оранып, балалар ажал аузынан аман қалды.
Экология • 16 Мамыр, 2019
Елорда экологиясын жақсарту мәдениетімізге де байланысты
Нұр-Сұлтандағы халық санының 1 миллионды еркін еңсергеніне де бірнеше жыл болып қалды. Статистикалық деректерге сенсек, қаладағы тіркелген көліктердің саны 300 мыңға жуықтапты. Бас қаланың көбейген халқы, кеңейген аумағы, қаптаған көлігі, ашылған өндіріс орындарымен бірге экологиялық ахуалы да күрделене түсетіні түсінікті. Сонымен, қаладағы экологиялық ахуал қалай? Оған мониторинг жасала ма? Қыс мезгілінде ауаны торлап, адамдардың өкпесін қапқан көмір түтінінен қалай құтыламыз? Осы және басқа да сауалдарға жауап іздеген едік.
Аймақтар • 16 Мамыр, 2019
Ақжайық өңіріне белгілі өлкетанушы, тарих магистрі Айболат Құрымбаев хабарласып, «Италиядан келген археолог ғалыммен бірге Оралға жақын маңдағы көне құлпытастарды қарап қайтайық» деген ұсыныс айтты.
Аймақтар • 16 Мамыр, 2019
Қостанайда іскер әйелдер перзентхана ауласына гүл екті
Облыстық іскер әйелдер қауымдастығының мүшелері облыстық перзентхананың ауласына ағаш және гүлдер көшетін отырғызды. Бұл акция халықаралық отбасы күніне арнап өткізілді.
Руханият • 16 Мамыр, 2019
Парижде, ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде «Ұлы дала: мәдени мұра және әлем тарихындағы рөлі» атты халықаралық форум өтті. Іс-шараны Халықаралық Түркі академиясы мен ЮНЕСКО бірлесіп ұйымдастырды. Жиында Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы талқыланып, Ұлы дала тарихын жаңадан пайымдау жолдары қаралды.