Руханият • 15 Мамыр, 2019

Адамзат тарихының айшықтары

1072 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Асқар Есенбаев мүсіндік пластиканың алуан тілін меңгерген. Ол нақты модельдың ішкі ахуалын көрсете алатын классикалық формалардың түкпіріне жасырынған натураның тілін терең түсінеді. Мүсінмен көрсете алмағанын графика тілімен жеткізеді. Суретшіге түсіндіруге болатын кез келген тәсілмен жеткізген маңызды: олар – жапсыру, сурет салу, сөйлеу.

Адамзат тарихының айшықтары

Таяуда Қазақстан Сурет­шілер ода­ғының мүшесі, Тәуелсіз «Тарлан» сыйлы­ғының лауреаты, Көркемөнер акаде­миясының академигі Асқар Есенбаевтың «Ізденіс уақыты» атты көрмесін тама­шалаудың сәті түскен еді. Шебер тілінің тылсым құдіреті өзіне еріксіз баурайды. Экспозиция мүсіндік портреттер мен символикалық портреттерді, графикалық жұ­мыс­тарды, бәрін қосқанда әр жылдарда шебердің қолынан шыққан тоқсаннан астам туындыны қамтыған.

«Адамның көзі үшін ерекше конфигурацияларда жан мен ойдың фантастикалық мүмкіндігін өзінің оғаш дене­сімен сендіретін басқа жара­тылыстардың таңғажайып образдарын жасай алатын­дығының арқасында авторға экспрессия мен гипербола тілі жақынырақ. Қарапайым ғана мүсіндік көлемдер өмірдің трагедиялық мәнін бере алатын болса, онда минимализмнің тілі Есенбаевқа тәуелді болды дей беріңіз»,  дейді өнер иесінің қолтаңбасы хақында өнертанушы Баян Барманқұлова.

Асқар Есенбаевтың шығар­машы­лық жолы 80-жыл­дардың ортасында басталды. Көрмеден мүсіншінің өз уақытында өнерсүйер қауымнан жоғары баға алған «Кітапханашы Люся», «Вик­тор» сынды танымал туындыларын кездестіруге болады. Сонымен қатар экспозицияда Мемлекеттік өнер музейі қорынан алынған автордың 1985 жылы орындаған өзд­ерінің пәктігімен және қорған­сыздығымен адам жанын тебі­рентетін ұл бала мен қыз бала­ның мүсіндері бейнеленген «Балалар» деп аталатын композициясы да ұсынылған. Иса пайғамбардың «Сендер ‒ менің достарымсыңдар» деген сөзімен аталған шығармасы Иса пайғамбар мен оның рухани кемелдікке ұмтылған он екі шәкіртінің жұмыла, екпінді әрі сенімді адымдаған шебінен тұрады. Күміс жағылған граниттен жасалып, миф пен діннің құпия кеңістігі арасында салтанат құрған адамзат тарихына қойылған басты ескерткіштерге арналған объектілер топтамасы да қызығушылық тудырады. Сан қыр­лы мүсіндерге көңіл қойсаңыз, өзінің сим­воликалық мәндерінің қара­па­йымдығымен және күр­делілігімен көз тартатын көне замандардың кейпіне енгендей күй кешесіз.

А.Есенбаевтың жұмыс­тары Ә.Қас­теев атын­дағы Мем­лекеттік өнер музейінің қорында, Мемлекеттік Третья­­ков галереясында, сондай-ақ АҚШ, Италия, Германия, Фран­ция және Ресей елдерінің жеке коллекцияларында сақ­таулы.

 

АЛМАТЫ