Аймақтар • 14 Мамыр, 2019

Облыс халқы тұрғын үйден мұқтаждық көрмейді

822 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысына жұмыс сапарында Қызылорда қаласының сол жағалауының құрылысында болды.

Облыс халқы тұрғын үйден мұқтаждық көрмейді

Мұнда облыс әкімі Қырымбек Көшербаев сол жағалау құрылысының Қазақстан Үкіметімен бекітілген бас жоспарын таныстырды. Сол жағалаудағы жаңа қаланың жалпы аумағы 1532 гектарға жетеді.

- Бүгінде Қызылордада 280 мыңға жуық адам тұрады. 2025 жылға қарай халық саны 350 мыңға жетеді деп күтіп отырмыз. Яғни, тұрғын үй құрылысын дамыту үшін қосымша аумақтар қажеттілігі туады, - деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы қазіргі уақытта сол жағалауда «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында үстіміздегі жылдың І жартыжылдығында пайдалануға берілуі жоспарланған 460 пәтерлік 8 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып жатқандығын айтты. Бұдан басқа, әлеуметтік және коммерциялық сипаттағы 1190 пәтерлік қосымша 28 тұрғын үйдің құрылысы басталған. Жалпы, сол жағалаудағы 3 тұрғын үй ауданында ағымдағы жылы 2340 пәтерлік 50 тұрғын үй салынады. Оның ішінде 431 пәтер аз қамтылған көп балалы отбасыларға беріледі.