Президент • 12 Мамыр, 2017
Бейжіңде «Белдеу және жол» форумы өтеді
Үстіміздегі жылдың 14-15 мамырында Қытай астанасы Бейжіңде биылғы жылдың ең маңызды, ауқымды шараларының бірі – «Белдеу және жол» деп аталатын форум өтеді. Форумға шақырылған құрметті қонақтар қатарында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бар. Бұл ауқымды халықаралық шараға, сондай-ақ, 28 мемлекеттің президенттері, министр деңгейіндегі 110-ға жуық лауазымды тұлға, көптеген елден 1200-ден астам өкіл қатысады деп күтілуде.
Үкімет • 12 Мамыр, 2017
Мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді
Кеше Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті.
Парламент • 12 Мамыр, 2017
Халықаралық қос келісім ратификацияланды
Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен өткен Парламент Сенатының жалпы отырысында палата «Ислам Конференциясы Ұйымына мүше елдер арасындағы Экономикалық, техникалық және сауда ынтымақтастығы туралы» бас келісімді ратификациялады.
Қазақстан • 12 Мамыр, 2017
Ұлттың мәдени кодын жалпыадамзаттық құндылықтармен ұштастыратын қадам
Дүние жүзі адамзаттың бұрын-соңды тәжірибесінен өтпеген белгісіз бір жаққа қарай беттеді. Тарих қайталанады деген пікір кем дегенде мәдениет пен өнер саласында жарамсыз болып қалғалы қашан.
Қазақстан • 12 Мамыр, 2017
«Бабалар ізімен» ғылыми экспедициясы Қостанай қаласына келді
«Бабалар ізімен» ғылыми экспедиция Қостанай қаласына келді. Оның мүшелері Тобыл жағасындағы Ы.Алтынсарин кесенесіне барып, ұлы аруаққа тағзым етті, облыстық тарихи өлкетану және Алтынсариннің мемориалдық музейін аралады. Жұртшылық өкілдерімен кездесті.