Отырыс барысында квазимемлекеттік сектор нысандарын жекешелендіру үдерісінің ағымдағы жағдайы бойынша, еліміздегі базалық индустриаландыру, қорғаныс өнеркәсібі, көлік және логистиканы, агроөнеркәсіптік және отын-энергетикалық кешендерді дамыту салаларындағы тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету мәселелері талқыланды, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.